ТЕОЛОГ: «СИРИЯДАН ОРАЛҒАН БАЛАЛАРДЫҢ ЖАҢА ОРТАҒА БЕЙІМДЕЛУІ ҚИЫН»
Бірнеше мәрте ұйымдастырылған «Жусан» операциясы арқылы террористік белсенді аймақтардан оралғандардың 116-сы батысқазақстандықтар. Олардың 90 пайыздан астамы Орал қаласында тұрып жатыр. Елге оралғандарды қоғамға бейімдеу жұмыстарының жүргізілуі туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз мәжілісінде сала мамандары айтты.

БҚО дін істері басқармасы Дін мәселелерін зерттеу орталығының басшысы Арман Нұрахметұлының айтуынша, Сириядан келгендердің үшеуі ер адам, отызы – әйел. 89 баланың 43-і мектеп жасындағылар. Ересектермен аптасына бір рет теологиялық сабақтар жүргізілуде. Мектеп жасындағы балалардың оқу процесінде бірнеше жылдық үзіліс болуына байланысты облыстық білім басқармасы оқу бағдарламасынан тыс қосымша сабақтар өткізуде.
– Сирияға кетулеріне идеологиялық көзқарастары себеп болғанын атап өту керек. Сондықтан теологиялық сабақтарға басымдық беріліп отыр. Әскери соғыс қимылдары жүріп жатқан аймақта тұрғандықтан балаларда психологиялық теріс салдар байқалады. Осы орайда басқарманың психологтары және «Шанс» орталығының психолог мамандары жұмыстар жүргізуде. Әсіресе, балалардың қазақстандық қалыпқа бейімделуі қиын болуда. Мәселен, сәби кезде кеткен балалар қазір ой-санасы жетілген уақытта оралып отыр, енді бірі сол жақта өмірге келген. Оларға екі жақтағы өмірді салыстыру қиын. Сондықтан психологиялық жұмыстармен қатар бала көруі тиіс патриоттық, тәрбиелік шаралар, спорттық ойындар ұйымдастырылуда, – дейді Арман Нұрахметұлы.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Оралда азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Жүгіру, пікірталас және еркін форматтағы әңгіме: Қазақстандағы сайлауалды дода қалай өтіп жатыр?
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді

Кіру
Пікір үстеу