8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
18 Ақпан 2020 990 0
Қоғам

ЕРІКТІЛЕР МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІЛЕРГЕ КӨМЕКТЕСЕДІ

          Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын үкімет» тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында «Арба» қоғамдық бірлестігінде галстуксіз дөңгелек үстел өтті. Шараға облыс әкімінің орынбасары Серік Егізбаев, «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Мұқаев,  «Бәйтерек», «Арба» қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері қатысты.

 

Шара барысында әлеуметтік қолдауды қажет ететін жандарға биылғы Еріктілер жылының маңызы, қоғамдағы мүгедек жандардың мәселесі сөз болды. «Арба» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлмира Батпақұлова өз тағдырластарына қоғамның қолдауы аса қажет екенін жеткізді. – Бүгінгі басқосуымыздың мақсаты да – осы. Қоғам мүшелері өздерінің ұсыныс-пікірлерін, түйткілді мәселелерін жергіліеті билік өкілдеріне құлаққағыс қылмақ. 2009 жылы ашылған бірлестігімізде атқарылған жұмыс аз емес. Алдағы уақытта біз секілді мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған үлкен орталық ашылса деген тілегіміз бар. Сонымен қатар биыл – Еріктілер жылы. Ал еріктілер көбінесе мүгедек адамдарға жәрдемдесуге аса құлықты емес, – деді Гүлмира Асқарқызы.  Осы орайда жиналғандар назарына бес жыл бұрын қолға алынған «Болашаққа көзқарас» әлеуметтік жобасын жүзеге асыру аясында түсірілген бейнеүзік көрсетілді. Облыстық Ассамблеямен бірлесе атқрылған аталмыш жобаны содан бері кәріс этномәдени орталығы мен «Арба» қоғамдық бірлестігі өзара жандандырып келеді. Өз кезегінде кәріс этномәдени орталығы өкілі, медицина маманы Виталий Ан «Арба» қоғамдық бірлестігінде ашылған массаж бөлмесінде мүмкіндігі шектеулі адамдарға қауіпсіз массаж тәсілдерін тегін үйрете бастаған. Бүгінде білікті маманның тәлімін алған мүгедек жандар игерген кәсіптері арқылы нәпақаларын таба бастаған. Виталий Анның айтуынша, арбаға таңылған жандардың еңбекке құштарлығы жоғары. Облыс әкімінің орынбасары Серік Рахметоллаұлының айтуынша, еріктілер осындай ұйымдарға қолұшын созуы тиіс. – Күні кеше өңір басшысы Ғали Нәжімеденұлы балалар үйінде болып, осы санаттағы жандарға қамқорлық танытудың жақсы үлгісін көрсетті. Осы үрдіс мемлекеттік қызметкерлер тарапынан жалғасын табуы керек, – дейді облыс әкімінің орынбасары. Ал көшбасшы партияның облыстық филиалының өкілі М.Мұқаев мұндай мәжілістер оң нәтижеге бағытталуы керектігіне басымдық берді. – Еріктілер қозғалысын жандандыру тек жастардың жұмысы деген қате түсініктен арылу керек. Оқушылардан бастап жасы үлкен адамдарға дейін бұл іске атсалыса алады. Облыстық партия төрағасының бастамасымен депутаттар да игі істер жасауға күш салуда, – деген Мұрат Рахметұлы Еріктілер қозғалысының жеті бағытына тоқталды.

Жиынға қатысқан БҚО жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрхат Ораш мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыстануға жастардың батылы жете бермейтінін алға тартты. Осы орайда Еріктілер жылы аясында аталған санаттағы тұрғындармен қарым-қатынас жасауға үйрететін оқытулар ұйымдастыру көзделіп отыр. Басқарма өкілі бүгінгі таңда өңірімізде ашылған www.volunteer07.kz сайтына тіркелуге шақырды.  Студенттік жылдардан бастап еріктілер қозғалысын дамытуға үлес қосып, үздіктер қатарынан көрініп үлгерген Ерлік Шамғалиев облыс жастарының бастамасымен іске  қосылған жобалар туралы әңгімелеп, еріктілер мүмкіндігі шектеулі жерлестерімізге қолдау көрсеуге дайын екенін жеткізді.

Кездесуге арнайы  келген мүгедек бала тәрбиелеп отырған ана Күләш Құспанова мүмкіндік шектеулі балаларға медициналық-әлеуметтік қолдау көрсететін «Бәйтерек» қоғамдық бірлестігінің ғимараты дімкәс балалар мен оларға ем-дом жасайтын мамандарға қолайсыздық тудыратынын айтып,  осы мәселе шешімін тапса деген ұсынысын білдірді.

Бұл күні облыс әкімінің орынбасары Серік Егізбаев  «Арба» қоғамдық бірлестігінің шеберхана, асхана, тігін ательесі, массаж, демалыс, компьютер бөлмелерінаралап, түйінді мәселелерін қаперге алды.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
67 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
139 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
368 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
851 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1229 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1136 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1588 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2204 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2368 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2376 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2427 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2431 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2051 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2911 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2965 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2959 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3572 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3540 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3531 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3506 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3667 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»