ҚазИИТУДА REACT БАҒДАРЛАМАЛАУ МЕКТЕБІ АШЫЛДЫ
Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінде REACT бағдарламалау мектебі ашылды. Мектептің ашылу салтанатына БҚО ақпараттандыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және архивтер басқармасының мемлекеттік қызметті мониторингілеу бөлімінің басшысы Дамир Әділханов, «IT HUB БҚО» ЖШС директоры Талғат Балтабеков, «ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешенінің құрылтайшысы Ақсерік Әйтімов және оқу орнының профессорлық-оқытушылар құрамы мен студенттері қатысты.
.
REACT бағдарламалау мектебі IT-технология саласында білім алатын немесе жұмыс істейтін және осы салаға қызығушылығы бар кез-келген азаматтарға арналған оқу платформасын құруды көздейді. Бағдарлама көптеген қолданушылар үшін қолжетімді болуы үшін бағдарламаны IOS және Android платформаларында құру және күнделікті өмірде, өндірісте кеңінен қолдану жоспарланған. – Елбасы: «Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады» деп атап өткендей, бәсекеге қабілеттілікті болу – бүгінгі таңдағы басты міндеттердің бірі болып саналады. Осы орайда ҚазИИТУ ғылыми-білім кешенінде орта білім беретін IT мектебі ашылып, 150 жуық оқушы білім алуда. Екінші кезекте болашақта қажетті нарыққа IT мамандарын даярлау ісі нақты қолға алынды. Болашақта REACT бағдарламалау мектебінің түлектеріне Ресей, Белорусь, сонымен бірге Оңтүстік Таяу Шығыс Азия мемлекеттері: Сингапур, Оңтүстік Корея ақпараттық нарығына шығуға мүмкіндік ашылады. Себебі осы саланың мамандарына сұраныс өте жоғары. Бүгінгі таңда әлем бойынша небары 9 млн.-ның шамасында маман қызмет атқаруда, – деді мектептің ашылу салтанатында сөз алған Ақсерік Сарыұлы.

Сала мамандарының айтуынша, React Native негізі Facebook арқылы жасаған React.js сайтынан бастауын алады. Java Script-дегі «cubes»-ден интерфейсті құрастырып, жобаға веб-бейімделу тәсілінен қарыз алынды, сондықтан компания мобильді платформаларға реактивті түрде көшіреді. Интерфейс – ағылшын тілінен аударғанда, интер – өзара, фейс – бет, яғни бағдарламашылардың кәсіптік тілінде адам мен компьютер қарым-қатынасын, өзара мәліметтер алмасуын қамтамасыз ететін ақпараттық-бағдарламалық құралдар жиынтығы болып саналады.
Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің ректоры Әліби Баяхов қазір қандай да бір білім алу үшін бұрынғыдай ел аралап, жер жүрудің қажеті жоқ екенін жеткізді. – Тіпті, мектеп, университет секілді білім беру орнына бармай-ақ, үйде отырып ғаламтор желісінен білім үйренуге болады. Сонымен қатар білім беру жүйесінің қазіргі үрдісінде студенттің білімді табысты меңгеруі үшін оқу материалдарының басым бөлігін өзі жеке үйренуін талап етеді. Қазіргі заманда статистика бойынша еңбек нарығында ең көп талап етілетін мамандық IT инженерлер болып табылады. Соған байланысты IT инженерлерді онлайн форматта дайындайтын бағдарлама жасалынды, – деген Әліби Науханұлы Мәскеу халықаралық академиясы мен аталмыш оқу орны бірлесе ұйымдастырған оқушылар мен студенттер арасындағы халықаралық олимпиада жеңімпаздарын марапаттады. REACT бағдарламалау мектебіне 70 тыңдаушы қабылданды. Оқу мерзімі – 6 айға жоспарланған.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу