8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
19 Ақпан 2020 1541 0
Қалалықтар қаперіне

БІЛЕ ЖҮРІҢІЗ: РЕСМИ ҚҰЖАТТАРҒА АПОСТИЛЬ ҚОЮ ҚЫЗМЕТІН EGOV.KZ АРҚЫЛЫ АЛУҒА БОЛАДЫ

 

Бүгінде құжаттың заңды маңыздылығын растау үшін оған апостиль қою қажет. Сот құжаттарында апостильдің болуы оның Гаага конвенциясына қатысушы елдердің ресми мекемелерінде жарамдылығын растайды.
Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостильді ҚР Жоғарғы сотының аппараты, облыстардағы, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы аймақтық органдар қоя алады.
Заңды және жеке тұлғалар бұл қызметті алу үшін egov.kz порталын қолдана алады:
– Порталда авторизациядан өтіп, қызметке онлайн тапсырыс беріңіз;
– Электронды өтінішті толтырыңыз;
– Әр апостильденетін құжатқа 0,5 АЕК көлемінде баж төлеңіз;
– Апостильденуі қажет құжаттың скан-көшірмесін жүктеңіз;
– ЭЦҚ-мен қол қойғаннан кейін жауап бір күн ішінде келеді;
– Жеке кабинетіңізге оң жауап келген жағдайда, сот органдарына апостильді бірден қойғызуға жүгіне аласыз.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
84 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
130 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
168 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
422 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
444 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»