8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
17 Ақпан 2020 3545 0
Қалалықтар қаперіне

ОРАЛ ҚАЛАСЫ МЕШІТІНІҢ БАС ИМАМЫ АУЫСТЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфтидің бұйрығымен Орал қалалық «Тәжиден Батырұлы» атындағы мешіттің бас имамы қызметіне Руслан қажы Сұлтанов тағайындалды.


Жұма күні ҚМДБ-ның БҚО бойынша бас имамы Мұратбек қажы Қыстаубаев Орал қалалық «Тәжиден Батырұлы» атындағы мешітінің жамағатымен кездесіп, жаңа имамды мешіт жамағатына таныстырды. Қызметіне сәттілік тіледі.

Руслан Тыныштықұлы – Ақжайық өңірінің тумасы. Жоғары білімді, иманды азамат. Алматы қаласындағы Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің түлегі, Дінтану ғылымдарының магистрі.  Алғашқы имандылық жолын Көкшетау қаласынан бастап, аталған мешіттің наиб және бас имам қызметін абыроймен атқарған. Орал қалалық мешітінде бас имам, 2013-2018 жылдар аралығында ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы болды. 2018 жылдан бүгінге дейін Нұр-Сұлтан қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы, ҚМДБ орталық аппараттағы Халықаралық қатынастар және хаттама бөлімінде маман қызметін атқарған.

Айта кетейік, бүгінге дейін Орал қаласы мешітінің бас имамы қызметін атқарған Мейрамбек Әбдрахманов «Орал» облыстық мешітіне наиб имам болып тағайындалды. Облыстық мешіттің бас имамы Мұратбек қажы Қыстаубаев Орал қалалық «Тәжиден Батырұлы» атындағы мешіттің бас имамы қызметін абыроймен атқарып келген Мейрамбек Әбдрахмановқа қазақы дәстүрге сай құрмет көрсетіп, иығына шапан жапты.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
83 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
129 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
167 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
421 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
443 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»