8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
17 Ақпан 2020 1979 0
Қалалықтар қаперіне

САНАҚҚА ОНЛАЙН ҚАТЫСУҒА БОЛАДЫ

Алдағы өткізілетін халық санағының негізгі жаңалықтары онлайн-режимде интернет-сауал салу және халыққа планшет арқылы жаппай сауал салу. 

Халық өз бетінше сауалнамадан өту үшін sanaq.gov.kz Web-қосымшасы әзірленді. Қазақстан Республикасының әрбір азаматы осы сайтта тіркеліп, сауалнамадан өте алады. 1-15 қазан аралығында sanaq.gov.kz сайтында  онлайн режим қосылады.  Респонденттер бұл мамандандырылған сайтта Интернет желісі арқылы санақ парақтарын өз бетінше өзіне және өзінің отбасы мүшелеріне толтыра алады. Ол үшін санақ парақтарын толтырудың әрбір кезеңіндегі нұсқаулықтар мен әзір-жауаптар, сондай-ақ виртуалды көмекшінің көмегін пайдалануға болады. Әрі осы 1-30 қазан аралығында интервьюер үй-үйді аралап, тұрғындардан санақ алады.

– Егер азамат сайтқа өтіп, сауалнама бойынша өзі туралы ақпаратты енгізіп, онлаин режимде санақтан өтсе, оның қалдырған ұялы телефонына санақтан өткені туралы ескерту хат келеді. Осы хабарламаны сақтап қойып, интервьюер үйге келгенде санақтан өткенін растау үшін көрсетуі керек, – деді ҚР Ұлттық статистика министрлігі статистика комитетінің төрағасы Нұрболат Айдапкелов.

Айта кетейік, халық санағы 2020 жылдың 1-30 қазан аралығында  өтеді.

Эльмира НҰҒМАНОВА,

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
149 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
391 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»