2020 ЖЫЛЫ БҚО-ДА 400 ШАҚЫРЫМДЫҚ АВТОЖОЛ ЖӨНДЕЛЕДІ
Бұл туралы бүгін халыққа есеп беру кездесуінде облыс әкімі Ғали Есқалиев мәлім етті. Сондай-ақ өңір басшысы Елбасы тапсырған облыстың өңтүстік аудандары бағытындағы жол салу бойынша биыл 100 шақырымы жөнделетінін айтты.

– 2018 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Қазталов, Жәнібек және Бөкейордасы аудандарына жол салуды тапсырған болатын. Жаңа жолдардың жалпы ұзындығы 245 шақырымды құрайды. 2019 жылы оның 18 шақырымы жөнделді, осы жылы 100 шақырымнан астам жолды жөндеуді жоспарлап отырмыз, – деді Ғали Нәжімеденұлы.
БҚО-да «Самара-Шымкент» республикалық автожолының 150 шақырымы жөндеумен қамтылды.
Облыс әкімі атап өткендей, өңірдің үлкен мәселелерінің бірі – жергілікті жолдар. Олардын сапасы бойынша облысымыз республика бойынша соңғы орында. Облыстық және аудандық маңызы бар 5 мың шақырым жолдардың тек 31 пайызы жақсы және қанағаттанарлық жағдайда. Былтыр 11 млрд. теңгеге 145 шақырым облыстық және аудандық маңызы бар жолдар жөнделді. Ауылішілік жолдар бойынша Теректі, Ақжайық, Шыңғырлау, Бөрлі, Қазталов және Бәйтерек аудандары орталықтарында 24 шақырым. Орал қаласындағы 13 көшенің 22 шақырымы автожоы жөндеуден өтті.
Жалпы өңір бойынша өткен жылы 27 млрд. теңгеге 360 шақырым жол жасалған. 2020 жылы жалпы өңір бойынша 400 шақырым автожолдар жөнделетін болады. Сонымен қатар халық тарапынан жиі көтерілген облыстық маңызы бар «Барбастау-Ақжайық-Индер» жолының 50 шақырымын жөндеу басталады.
– Тағы бір маңызды жұмысымыз – «Орал-Атырау» республикалық тас жолын кеңейтуге жобалық-сметалық құжаттама жасақтау үстіндеміз. Осы жұмыстар бойынша Үкімет үлкен қолдау көрсетіп отыр, – деді Ғали Есқалиев.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс

Кіру
Пікір үстеу