8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Ақпан 2020 1216 0
Қоғам

САН ТҮРЛІ САУАЛҒА ЖАУАП ТАБЫЛДЫ

         Бүгін «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының ғимаратында  «Ашық әкімдік» шарасы өтті.  «Nur Otan» партиясының облыстық филиалы ұйымдастырған қабылдауға Байтерек, Теректі, Ақжайық  және өзге де аудан, қалалардың тұрғындары келіп, өтініштері мен талаптарын айтты. Оларды  партияның облыстық филиалының төрағасы  Ғали Есқалиев және басқарма басшылары мен орынбасарлары, Батыс Қазақстан облысының полиция департаментінің өкілдері қабылдады.

    

Қоғамдық қабылдауда 200-ден астам тұрғынның өтініштері мен шағымдары тыңдалды. Олардың арасында атаулы әлеуметтік көмек алу, тұрғын үй мәселесі, жұмыспен қамту, жер мен баспана кезегі, медицина, инфрақұрылымға қатысты өтініштер көп болды. Сонымен бірге атаулы әлеуметтік көмек бойынша келген көпбалалы аналардың да талаптары бақылауға алынды.

Мәселен, «Ашық әкімдікке» келген екі баланың анасы Лунара Сисенова жолдасымен ажырасқан.  2013 жылдан бері балаларына тиесілі алиментті ала алмай жүр екен. «Бармаған жерім, қақпаған есігім жоқ. «Ашық әкімдікке» алғаш келуім. Балаларыма тиесілі атаулы әлеуметтік көмек те берілмейді» деп шырылдаған ананы облыс әкімі жеке қабылдап, тиісті кеңестер алу үшін жауапты басқарма басшыларына жолдады.  Жазира Хансұлтанова дертке шалдыққан ұлының курортта ем қабылдауына, дәрісіне көмек сұрай келді. Ал Жанболат Мерғалиев – бес баланың әкесі. Баспана кезегіне осыдан бес жыл бұрын 7641-ші болып тіркелген. Қазір 541-інші болып тізімде тұр. Айтуынша, тұрғын үй кезегі енді жылжымай қалған. Қазір тұрақты жұмысы да жоқ. Зейнетақы аударымдары түспеген соң, бес балаға атаулы әлеуметтік көмек ала алмай жүр.  Аталмыш жандардың өтініштерін тыңдаған облыс басшысы мәселелерінің оңтайлы шешілуіне ықпал етті. Бұл күні тұрғындар әлеуметтік мәселелерден өзге қаланы абаттандыру, күре жол, бизнес бастау секілді түйткілді мәселелерді жергілікті атқарушы органдарға тікелей жеткізіп, жауаптарын алды.

«Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Мұқаевтың айтуынша, 2019 жылдың тамыз айында қабылданған «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам» партиялық қайта жүктеу бағдарламасы аясында дәл осындай форматтағы «Ашық есік» күні әр тоқсан сайын жүзеге асатын болады.

Бүгінде Батыс Қазақстан  облысында партияның 14 қоғамдық қабылдау бөлмесі қызмет етеді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша қоғамдық қабылдау бөлмелеріне түскен 7142 арыз-шағымның 35 пайызы оң шешімін тапқан.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
112 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
448 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
541 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
783 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
1051 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
1278 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
1317 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1467 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1665 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
1893 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
1980 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
2091 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
2096 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
2131 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
2130 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
2236 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»