8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Ақпан 2020 1371 0
Қоғам

АУҒАН АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылу күніне орай бүгін, 14 ақпан күні «Батыс су арнасы» ЖШС басшылығы және «Орал қ. бойынша Су арнасының жергілікті кәсіподағы» ҚБ мекемеде қызмет жасайтын Ауған ардагерлеріне құрмет көрсетті.  

Ауған жерінде интернационалдық борыштарын өтеген Василий Чуреев , Меңдібай  Қарасаев, Мәлік Сұлтанғалиев, Бекболат Жұмалиев, Константин Лыков, Юрий Туманов, Сержан Хамитов  «Батыс су арнасы» кәсіпорнында ұзақ жылдардан бері қызмет етуде.

Туманов Юрий Георгиевич – Су тазалау құрылыстарының жөндеуші-слесарі болып 1987 жылдан бері жұмыс жасайды және өз жұмысын аса жоғары жауапкершілікпен орындайтын және өзінің көп жылғы еңбек тәжірибесі мен дағдыларын жас мамандарға үйретуден жалықпайтын кәсіпорын ардагерлерінің бірі.

Чуреев Василий Николаевич – 12 жылдан бері кәсіпорындағы Құрылыс-жөндеу учаскесінің бастығы, өз ұжымын шебер басқарып келеді. Учаске ұжымының жұмыстағы ұйымшылдығының арқасында Василий Николаевич бүкіл ұжымға сыйлы.

Сұлтанғалиев Мәлік Сарсенбайұлы, Жумалиев Бекболат Салекенович – 2009 жылдан бері, ал Карасаев Мендибай  Галимович 2015 жылдан бері Кәріздік сорғы стансасының машинистері болып еңбек етеді, кәріздік сорғы стансаларының апатсыз жұмысы осы адамдардың жеке жауапкершілігі мен өз міндеттерін мінсіз атқаруына тәуелді.

Лыков Константин Васильевич – 2012 жылдан бері Су тазалау құрылыстарының автотиегіш-машинисі болып еңбектенуде. Кәсіпорынның ең жауапты учаскесінде өз міндетін абыроймен атқарып жүрген еңбегіне адал және ұқыпты қызметкер.

Хамитов Сержан Жумабаевич – кәсіпорынның Көлік цехында жүргізуші болып 7 жылдан бері жұмыс жасайды, біздің кәсіпорынның жүргізушілері тәулік уақытымен, өзінің жеке уақытымен есептеспей еңбек етеді. Өйткені желідегі апаттар мейрамдар мен демалыстарды күтіп тұрмайды.

Олар ауған соғысында кеңес әскерінің құрамында отан алдындағы өз борыштарын атқарды, ал бүгінгі күні қаламызды үздіксіз сумен қамту мен суды бөлу ісіндегі өздерінің қызметтік міндеттерін орындауды жалғастыруда. Кәсіпорында  Ауған соғысының қатысушыларын жыл сайын құттықтау игі дәстүрге айналған және 2019-2020 жылдарға арналған Ұжымдық шарттың «Қызметкерлерге әлеуметтік кепілдіктер мен жеңілдіктер» атты 9б. 9.2.т. 9.2.9т. сәйкес 15 ақпан – Ауғанстаннан кеңес әскерлерін шығару күніне орай ауған ардагерлеріне ҚР бойынша 5 АЕК мөлшерінде біржолғы жәрдемақы төлеу қарастырылған.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
96 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
436 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
529 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
771 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
1039 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
1266 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
1305 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1455 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1653 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
1881 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
1967 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
2078 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
2084 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
2117 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
2117 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
2224 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»