102 ДАНА КИІК МҮЙІЗІ ТӘРКІЛЕНДІ
Киік мүйіздерімен заңсыз айналысқан батысқазақстандық азамат ұсталды.

БҚО аумағында заңсыз аң аулаудың және киіктерді атумен айналысып жүрген қылмыстық топтардың жолын кесу мақсатында БҚО ПД бастығы, полиция генерал-майоры Махсудхан Аблазимовтың бұйрығымен Департаменттің анағұрлым дайындалған қызметкерлерінің қатарынан жедел-тергеу тобы құрылған болатын. Аталған топты Департамент бастығының орынбасары полиция полковнигі Асылғали Меңдіғалин басқаруымен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде департамент қызметкерлері 12 ақпанда Бөкейорда ауданының Бөрлі ауылының маңында сол ауданның тұрғыны 1990 жылғы ер азаматты ұстады, одан киіктің 102 мүйізі табылған.
БҚО ПД Баспасөз қызметі осы факті бойынша Бөкейордасы ауданының Пб Қазақстан Республикасы ҚК-нің 339-1 бабы (Киікті заңсыз қолға түсіру, жою, сол сияқты заңсыз қолға түсірілген киікті немесе оның дериваттарын, оның ішінде мүйіздерін иемдену, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастағанын мәлім етті. Қазір мемлекетке келтірілген шығын анықталуда.
Бұл ретте, күдіктіге қатысты қылмыстық кодекстің жаңа бабы қолданылатын атап өткім келеді. Күдіктінің мүлкі тәркіленіп, үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланатын болады.

Еске сала кетейік, Қазақстанда жаңа жылдан бастап браконьерлік пен экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін жаза қатаңдатылған болатын. Агроөнеркәсіп кешені мәселелері бойынша заңнамаға соңғы енгізілген түзетулер шеңберінде ҚР ҚК-нің 337-бабының санкциялары кеңейтілген болатын. Сонымен қатар, ҚК-нің 339-бабы да қайта пысықталып, ол бойынша киіктердің дериваттары мен бекіре балық түрлерімен заңсыз айналысқаны үшін браконьерлер жауапқа тартылатын болды.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу