8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Ақпан 2020 1718 0
Қоғам

«САРЫАРҚАНЫҢ» ЖОЛЫ БАСТЫ НАЗАРДА

          Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес, барлық мәселені тұрғындармен ашық талқылап, түйткілді жайттарды бірлесе шешу мақсатында қаңтар-ақпан айында қаланың әр аумағында екі мыңнан астам тұрғынның қатысуымен 26 есептік кездесу шаралары өткен. Кездесулер барысында қала тұрғындарына 2019 жылдың әлеуметтік экономикалық даму қорытындылары ұсынылып, әр аймақтың өзекті мәселелері талқыланды. Тұрғындар тарапынан 400-ге жуық өтініш, талап-тілек тыңдалыпты. Барлық ұсыныстар бойынша іс-шаралар жоспары жасақталып, оны жүзеге асыру бағытында жұмыстар жүргізілмек. Бұл туралы бүгін қаладағы Жастар Мәдениет үйінде  өткен халық алдындағы қорытынды есептік кездесуінде Орал қаласының әкімі  Абат Шыныбеков мәлімдеді. Есептік кездесуге Батыс Қазақстан облысының  әкімі Ғали Есқалиев қатысты.

Шаһар басшысының айтуынша, өткен жыл бойынша қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы оң көрсеткіштермен қорытындыланды.  Былтыр халықпен есеп беру кездесуінде барлығы 117 сұрақ түскен. Нәтижесінде жыл ішінде 76 сұрақ, яғни 65 пайызы нәтижелі шешілсе,  41 мәселе бойынша жұмыстар жалғасуда.

–  Өнеркәсіптің өндіріс көлемі 166,3 млрд. теңгеден 185,6 млрд.теңгеге өссе, оның ішінде өңдеу өнеркәсібінің көлемі 118,5 млрд.теңгеден 143,7 млрд. теңгеге жетті.  Өткен жылы жалпы құны 6,9 млрд. теңге құрайтын 12 ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, қаламызда 1 108 әлеуметтік, кәсіпкерлік, өндіріс нысаны іске қосылды. Қала бюджетінің жалпы көлемі 53,6 млрд. теңгеге жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 30 %-ға ұлғайып отыр. Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 362,4 мың шаршы метрге орындалды немесе 3 386 пәтер тапсырылды.  Орталықтандырылған сумен қамту үлесіміз қала іргелеріндегі елді мекендерді қоса алғанда 95,5 % жетті.  Тұрғын үй кешенін жаңғырту мемлекеттік бағдарламасы мен мемлекеттік-жеке меншік әріптестік негізінде жөндеуді қажет ететін көпқабатты тұрғын үйлер үлесі төмендеп,  82,2 % болды.  Жылдан жылға қала көшелері мен шағын аудандарда жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп келеді.  Бүгінде қаламызда жақсы және орташа жағдайдағы жолдар үлесі 70,7% жеткізілді, – деді қала басшысы Абат Абайұлы.

Нефтебаза жол өткелі құрылысы аяқталады

Қала әкімінің баяндауынша, Цифрлық Қазақстан бағдарламасы аясында 20-дан астам жоба жүзеге асырылып, нәтижесінде Орал қаласы «ақылды қала» номинациясы бойынша алғашқы үштіктің қатарынан табылды. Қала аумағында 615 шақырым автомобиль жолдары болса, соның 435 шақырымы қатты жабынды төсенішпен қамтамасыз етілген. Әсіресе, жаңадан ашылған шағынаудандармен қатар, қаланың ескі орталық аумағындағы қосымша жолдардың жағдайы сын көтермейді. Биыл қала көшелерін күрделі жөндеу мен қайта  жаңғырту жұмыстарына 3,3 млрд. теңге қаралып, былтыр басталған Елизаров, Жамбыл, Жүнісов, Аманжолов, 8 март, Самара, Светлая, Молдағұлова атты сегіз көшенің, Зашаған кентіндегі Сарытау, Балауса аудандарындағы 13 көшенің құрылыстарын аяқтау жоспарлануда. Сонымен қатар, Зачаган кентіндегі Көшім көшесінің жол құрылысы басталып, жаңадан салынып жатырған мектепке апаратын Ә.Бөкейханов және Ескі аэропорттағы №37 мектепке апаратын Малина көшелері жөндеуден өткізілмек. Қазіргі таңда қала көшелеріндегі жолдардың құрылысы мен жөндеуге арналған 33 ЖСҚ (жобалық сметалық құжаттама) дайындалды. Қаладағы ең үлкен әлеуметтік маңызы бар жобалардың бірі – Нефтебаза жол өткелі құрылысы биыл аяқталады. Осы саладағы өзекті мәселелердің бірі – Деркөл кентінің «Сарыарқа» шағын ауданына жол құрылысын бастау басты назарда.

                                       Жолаушы тасымалына сын көп

– Жолаушылар тасымалымен 6 компания айналысады. Алайда осы кәсіпорындардың жұмыс сапасына халықпен кездесулерде өткір сын айтылды, маршруттарды оңтайландыру туралы ұсыныстар жасалды. Орал қаласының автобус паркінің ескіруі 54%-ды құрап отыр, қолда бар 568 бірлік автобустың 277 бірлігінің қызмет көрсету уақыты тоғыз жылдан асып кетті. Бұл – бүгінде күн тәртібіндегі өзекті мәселе. Сондықтан мәселенің шешім табуы үшін жолаушылар тасымалы сапасын жақсарту бағытында төмендегідей шаралар қабылдауымыз қажет. Қолда бар автобус паркін жаңғырту механизмдерін жүзеге асыру көзделді. Жолаушылар тасымалының тиімділігі мен ашықтығын қалыптастыру жүйесін құру, аталмыш бағытта қоғамдық көлікті диспетчерлеу жүйесі 100 пайыз қамтылған.  Әлеуметтік маңызды маршруттарды бюджет есебінен субсидиялау көлемін біртіндеп ұлғайтуға қол жеткізу, қоғамдық көліктің бағыттар желісін оптимизациялау, жолаушыларға қызмет көрсетудің бірыңғай ережесін жасақтап, жолаушылар мен жүргізушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін автобустарға бейнекамералар орнатуды жүзеге асыру қарастырылуда, – деді Абат Абайұлы.

22 спорт және балалар алаңы салынады

Қала аумағында 19 балалар клубы желісін қамтитын мәдени-ағарту бірлестігі жұмыс істейді. 2019 жылдан бастап аталмыш аула клубтарының қызметі жетілдіріліп, тек балалар ғана емес, ересектердің бос уақытын тиімді өткізуге арналған комьюнити орталықтары ретінде жұмыс жасауға көшірілуде. Өткен жылдан бастау алған комьюнити орталықтары Деркөл кентінде, «Ет комбинаты» шағын ауданында ашылса, жақында Сарытау шағын ауданында өз жұмысын бастайды. Үстіміздегі жылы қаламызда 10 комьюнити орталығын ашу көзделді. Былтырдан бастап қалалық кітапхана желісін қайта ұйымдастыру және жарықтандыру жұмыстары басталды. Зашаған кентіндегі №5 кітапхана коворкинг орталығы ретінде пайдалануға берілсе, жақында «Ет комбинаты» ауданында №6 кітапхана жаңа қонысқа ие болып, заманауи форматта жұмысын бастап жатыр. Үстіміздегі жылы 22 көпфункционалды спорт және балалар алаңының құрылысы жүргізіледі. Болашақта қала аумағында орналасқан спорт алаңдарын жауапты кәсіпорындарға бекіту, сенімді басқаруға беру жұмыстары жүргізілмек.

  Медициналық пункттер ашылады

Қазіргі кезде қалада 6 емхана, 4 дәрігерлік амбулаторияда 343 838 адамға медициналық қызмет көрсетіледі. Биыл қаңтар айынан бастап «Сарыарқа» шағын ауданында ыңғайластырылған орында шағын медициналық пункт өз қызметін бастаса, ағымдағы жылы Зашаған кентінің Балауса, Деркөл және «Жұлдыз» ықшам аудандарында №1, 5, 6 емханалармен бірлесе отырып, тұрғындарға дәрігерлік көмек көрсететін медициналық пункттер ашу көзделуде. Зачаган кенті, Деркөл шағын ауданы және Солтүстік-Шығыс аумақта жаңа емханалар ашу қажеттігі бүгінгі күні өткір мәселелердің біріне айналды. Сондықтан алдағы жылдары жаңадан салынатын тұрғын үйлердің бірінші қабаттарын тиімді пайдалана отырып, ауысымына 250-300 адамды қабылдауға арналған емханаларды жекеменшік әріптестік аясында ашу жолдары қарастырылмақ.

20  қоқыс алаңы жасақталады

Тазалық мәселесі қаланың барлық тұрғындарына қатысты. Үстіміздегі жылы қала аумағының өсуіне байланысты тағы 20 қоқыс алаңы жасақталып, ҚТҚ шығарушы компаниясымен қосымша 5 арнайы техника сатып алу жоспарлануда. Күн сайын полигондарға 200 тоннадан астам қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылса, былтырғы жылы инвесторлар тарапынан іске қосылған «ICM RECYCLING» компаниясымен күніне 70-80 тонна қалдықтар сұрыптаудан өткізіледі. Қазіргі уақытта жұмыс жасайтын «ҚТҚ арналған полигонды рекультивациялау» нысаны бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша конкурстық рәсімдер жүргізілуде. Бұдан басқа, қалада жаңа ҚТҚ полигонын салуға ЖСҚ әзірлеу үшін техникалық-экономикалық негіздеме әзірленді. Ақылды қала тұжырымдасы аясында «Жайық Таза Қала» коммуналды мекемесі цифрлық жүйеге көшіп, атқарылған жұмыстарды диспетчерлік пункт арқылы басқару, есепке алу және мониторингілеу мүмкін болып отыр.

Сондай-ақ қала әкімі А. Шыныбеков  Мемлекет басшысының Жарлығымен 2020 жыл Еріктілер жылы болып жарияланғанын  тілге тиек етіп, бұл орайда Еріктілер қозғалысымен нақты шаралар басталғанын жеткізді. – Осы жыл еліміз үшін ерекше маңызды жыл. Констиуциямыздың және Ассамблеяның 25 жылдығы, Ұлы Жеңістің – 75 жылдығы. Жыл күнтізбесінде  Ұлы Абайдың – 175 жылдығы, ақиық ақын Жұбанның – 100 жылдығы, Қадыр Мырза Әлидің 85 жылдығына орай іс-шаралар қазірден бастап қолға алынуда. Өңіріміздің тарихшы ғалымдарымен бірлесе «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Орал қаласы тарихы» кітабын шығаруды жоспарлап отырмыз. Абай алаңы абаттандырылады, – деген Абат Абайұлы бұл шаралардың рухани құндылықтарымызды нығайтуға септігі тиетінін атап өтті.

Бұдан соң жұртшылық қала басшысына көкейдегі сауалдарын жолдап, тікелей жауап алды.

Орал шаҺарының тізгінін ұстаған А.Шыныбековтің есебіне арнайы қатысқан БҚО басшысы Ғ.Есқалиев кейбір сауалдарға нақты жауап беріп, жиынды қорытындылады. Тұрғындардың ұсынысын, уәжін, тілектерін тыңдай келе: ­­- Құрметті жерлестер, есептік кездесуге қатысушылар. Әрине ұсыныс-пікірлеріңіз, жолдаған сауалдарыңыз өте орынды. Жалпы қаланың тазалығына тоқталатын болсақ, үйіміздің айналасын  таза ұстап, тәртіпке бағынып,  өзіміз өмір сүріп сүріп жатқан қоғамға жанашырлықпен қарай білуіміз керек. Қарашығанақ кен орнының үстінде отырмыз дейміз. «Қарашығанақ КПО» компаниясы бізге көмектеспей отырған жоқ, көмектесуде. Соның өзінде кейбір  мәселелерді шешуге қаражаттың жетпей тұрғаны жасырын емес. Бәріңізді күш біріктіріп еңбек етуге, ұйымшыл болуға шақырамын, ­­- дей келіп, қалалық әкім­дікке алда атқарылуға тиісті  көптеген тапсырмаларды жүктеді.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
78 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
147 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
380 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
862 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1240 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1143 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1599 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2215 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2380 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2387 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2438 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2443 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2058 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2922 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2976 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2970 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3583 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3551 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3542 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3518 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3678 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»