8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Ақпан 2020 1646 0
Өзек

ТОҒЫЗ АВТОКӨЛІКТІ АЙДАП КЕТКЕН

Соңғы уақытта Орал қалалық Полиция басқармасының Шаған полиция бөліміне көліктерін әлдекімнің айдап әкететіні туралы тұрғындардан арыздар көптеп келіп түсуде.

Шаған полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде Круглоозерный ауылының 1994 жылғы тұрғынын ұсталды. Жауап алу кезінде ол Орал қаласы және Зашаған ауылы аумағында 9 автокөлік ұрлағанын айтып, мойындады.

Шаған полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Тимур Айтуғановтың айтуынша, көлік ұрлаушы автокөліктерді түнгі уақытта сағат 23.00-ден кейінгі уақытта айдап әкетіп отырған. Ол автокөліктердің терезесін сындырып, оның жанар-жағармайы таусылғанша айдап, кейін келесі машинаға ауысып отырса керек. Бір түнде ол 2 автокөлік ұрлаған, алайда көліктің бірде-бір нәрсесіне тиіспеген. Айдап әкетілген көліктерді полиция қызметкерлері иелеріне қайтарып берді.

БҚО ПД баспасөз қызметі бұл факті бойынша Қылмыстық Кодекстің 200-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталғанын мәлімдеді. Сондай-ақ көлік ұрлаушы өзінің бұл әрекетін ойынға балап, одан тек ләззат алғанын да жасырмапты.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
78 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
124 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
163 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
419 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
441 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»