8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Ақпан 2020 1477 0
Қоғам

ОРАЛДА ТОЗЫҒЫ ЖЕТКЕН ҮЙЛЕРДІҢ МӘСЕЛЕСІ ОҢ ШЕШІЛУДЕ

Оралда соңғы 4 жылда 17 апатты үй сүрілген. Бұл туралы Орал қалалық ТҮКШ бөлімінің мамандары мәлім етті.


Тозығы жеткен тұрғын үйлердің мәселесі Орал қаласында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік ұстанымы аясында оң шешімін табуда. 2015 жылдан бері шаһарда 17 апатты үй бұзылып, орнынына жаңадан бесеуі салыныпты. Әкімдік пен инвестор және тұрғындар арасындағы үш жақты келісім бойынша ескі үйдің орны құрылыс компаниясына тегін беріледі. Және қажетті инженерлік инфроқұрылым мен абаттандыру жұмыстарын әкімдік өз мойнына алады. – Орал қалалық ТҮКШ және тұрғын үй инспекциясы басшысының орынбасары Асхат Шадияровтың айтуынша биыл облыс орталығында 10-нан аса апатты және тозығы жеткен үй сүрілмек. Алдымен 31 мектеп ауданындағы ескі үйлер бұзылмақ. Бүгінде «БолашақТ» мердігер құрылыс компаниясы болып танылған.

– Ал құрылыс компаниясы тұрғындарды уақытша баспанамен қамтамасыз етіп, жаңа үйді салған соң ескі тұрғынжайды иесіне тең көлемде тегін пәтер беруге міндетті. Облыс орталығында 1200-дей көпқабатты үй болса, соның 200-і әбден ескірген, ал 41-і апатты жағдайда дейді А. Шадияров.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құттықтаймыз!
Құрметті Орал қаласының тұрғындары!
30 Сәуір 2026
33 0
Өңір жаңалықтары
Оралда «Достық» фестивалі өтті
30 Сәуір 2026
80 0
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
50 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
274 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»