«АШЫҚ ӘКІМДІКТЕ» 156 ТҰРҒЫННЫҢ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ
Бүгін Орал қаласында Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын үкімет» тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында «Ашық әкімдік» іс-шарасы өтті. Бұл күні Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков, қала әкімінің орынбасарлары, құрылымдық бөлім басшылары мен қызмет етуші кәсіпорын басшылары қала тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Тұрғындарды қабылдау қаланың төрт мекенжайында өтті.

Қала әкімі Абат Шыныбеков А.Островский атындағы драма театрда өзіне тікелей жазылған 61 тұрғынды сегіз жарым сағат бойы жеке қабылдады. Мәселен, әкімнің қабылдауына келген қала тұрғыны Гүлжиян Жайлаубаеваның баспана кезегіне тұрғанына 33 жыл болған. 2016 жылы тұрғын үй кезегінен шығарылған. Содан бері бірнеше мәрте сотқа жүгінгенімен, жеңіліс тауыпты. «Қазіргі таңда бір бөлмеде үш отбасы тұрамыз. Неліктен мені кезектен шығарды?» деген Гүлжиянның өтінішін тыңдаған Абат Абайұлы мәселенің мән-жайын анықтайтын болды. Ал Рыбцех ауылының тұрғыны Нұрсұлу Орынбекова елдімекенге ауыз су қашан жүргізілетінін сұрай келді. Сондай-ақ осы бағытқа қатынайтын №17 автобустың уақытылы жүрмейтінін айтты. Бұл тұрғыда шаһар басшысы қазіргі таңда 45 миллион теңгеге жобалық-сметалық құжаттама дайын тұрғанын, қалалық бюджет мақұлдаса, жұмыстар биыл басталатынын жеткізді. – Қала бойынша барлық аймақтарды қамтыған 27 кездесу өткіздік. Тұрғындар тарапынан көтерілген ең өзекті мәселелер – тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, көше жолдарын жөндеу, жолаушылар көлігі, балалар алаңқайы мен аулаларды абаттандыру, жол қауіпсіздігі болды. Кездесуге 2000-нен аса адам қатысып, олардан 400-ге жуық сауал түсті. Өтініштерді зерделеп, іс-шаралар жоспарын жасаймыз. Бүгінгі күні биылғы жылғы алғашқы «Ашық әкімдік» шарасын өткізіп, тұрғындарды жеке мәселелерін тыңдадым. Көбісі тұрғын үймен қамтамасыз ету, білім саласын жетілдіру, көшедегі тәртіп мәселесін алға тартты, – деді Абат Абайұлы журналистерге берген сұқбатында.
Осы күні қала әкімінің орынбасарлары Б.Нарымбетов Жастар шығармашылық орталығында, Бекжан Тоқжанов Деркөл кентінде, қала әкімінің аппарат басшысы Исатай Жазықбаев Зашаған кентінде тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
«Ашық әкімдік» барысында 156 тұрғын жеке мәселелерімен жолықты. Қабылдауға келген азаматтарды тұрғын үй мәселесі, материалдық көмек, жұмыспен қамту, коммуналдық мәселелері көбірек толғандырып отыр. Сонымен қатар, қабылдауға келген тұрғындар кәсіпкерлік, білім, беру, жер алу, жол жөндеу мәселелерін көтерді.
Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу