ОРАЛДА ЕСІРТКІ САТУ ИНТЕРНЕТ-ДҮКЕНІН ҚҰРҒАН СТУДЕНТ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі сататын интернет-дүкенді құрып, есірткі заттарын сатумен айналысқан студентті құрықтады.

Ағымдағы жылдың 23 қаңтарында шамамен сағат 17.00 шамасында Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Орал қаласының 18 жастағы тұрғынын ұстап, тексеру барысында одан арнайы иісі бар қою жасыл түсті тас тәріздес зат салынған екі полиэтилен пакетін тәркіледі.
Осы азаматтың тұратын жерін тексеру барысында арнайы иісі бар қою жасыл түсті тас тәріздес зат салынған жеті полиэтилен пакеті, ақ түсті ұнтақ тәріздес зат салынған бес полиэтилен пакеті, қызғылт түсті төрт таблетка, 100 дана пайдаланылмаған полиэтилен пакеті, 2 дана электронды таразы, банкомат карточкалары және үш ұялы телефон табылған. Сарапшының қорытындысына сәйкес үйінен алынған заттар салмағы 4,52 гр. «синтетикалық есірткі» және салмағы 6,52 гр. «гашиш» екені анықталған.
Жедел тергеу іс-шараларын одан әрі жалғастыру барысында күдіктінің 2019 жылдың маусым айында интернет-дүкен ашып, әлеуметтік желілер арқылы есірткі және психотроптық заттарды сатуды ұйымдастырғаны белгілі болды. Осы интернет-дүкеннің әкімшісі етіп өзін тіркеген. Тергеу барысында есірткі заттарын Орал қаласының және Ақтөбе қаласының аумағында таратқаны анықталды.
Аталған факті бойынша Қылмыстық Кодекстің 296-бабы 4-б. (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта осы қылмысты жасауға қатысы бар өзге де адамдарды анықтау бойынша тергеу іс-шаралары жүргізілуде.
«Синтетикалық есірткі заттарын тарату үшін жоғары технологиялық әдістер пайдаланылады. Іске асырушы қашықтықтан отырып жұмыс істейді, ал ақпаратты орналастырушы – төменгі буын, олар тізбек бойынша таратушы, олар бірін-бірі көрмей, жабық электронды арналар арқылы байланысуы мүмкін. Әйтсе де, жіті жүргізілген жедел әшкерелеу нәтижесінде осы қызметті ұйымдастырған күдіктілер құрықталды» – деді Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция майоры Әлішер Сары.


Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу