МЕЙРАМХАНАҒА ҚАРАҚШЫЛЫҚ ШАБУЫЛ ЖАСАҒАНДАР ҰСТАЛДЫ
БҚО полиция қызметкерлері мейрамхана кешеніне жасалған қарақшылық шабуыл қылмысын ашты

Қаңтардың 4 күні сағат шамамен 03.25 кезінде Бөрлі ауданы Пб кезекші бөліміне «Алтын шатыр» мейрамхана кешеніне қарақшылық шабуыл жасалғаны туралы хабарлама келіп түседі. Оқиға орнына дереу жедел-тергеу тобы жетіп, Бөрлі ауданы Пб жеке құрамына бағдар беріледі.
БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, тексеру кезінде белгісіз екеу беттеріне бетперде киіп, «Алтын Шатыр» мейрамхана кешеніне еніп, 1963 жылғы күзетшіні балтамен қорқытып, мейрамхананы ашуын талап етеді. Кейін оның қол-аяғын байлап күзетшілер отыратын будкаға қалдырып кетеді. Өздері ішке еніп, кассадан ішінде 4 млн. 300 мың теңге және 1990 жылғы кәсіпкерге тиесілі құжаттары бар 2 металл сейфін алып, оқиға орнынан қашып үлгереді. Сол уақытта күзетші қол-аяғын босатып, бірден мейрамхана кешенінің менеджеріне хабарласып, болған жайттың бәрін айтады. Ал ол полиция қызметіне хабар берген.
Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері қылмыскерлердің ізіне түседі. Кезекшілік тәулік ішінде «ізін суытпай» қылмыс ашылып, күдіктілер қолға түсті. Аталған қылмысқа қатысы бар төрт күдікті анықталып, ұсталды. Олардың Ақсай қаласының 1989 және 1990 жылғы тұрғындары екені белгілі болды. Ұрланған ақша мен қылмыс қаруы тәркіленді. Ұстау кезінде қылмыскерлер ақшаны өзара бөліп үлгерген. Сондай-ақ, сейфті қайда лақтырып кеткендерін де көрсетті. Заттай айғақтар тәркіленіп, қылмыстық іске тігілді.
Ұрланған ақша толықтай тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Екі күдікті Бөрлі ауданы Пб уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қылмыстық Кодекстің 192-бабы 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Барлық күдіктілерге қатысты бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселе қарастырылуда.

БҚО ПД баспасөз қызметі
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу