8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
05 Ақпан 2020 1676 0
Өзек

ЖЫЛЫТУ ПЕШТЕРІН ҰРЛАҒАН

Қаңтар айы басталғалы Орал қ.ПБ криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілдері бірнеше қылмыстарға тосқауыл болып, тіркелген қылмыстардың көпшілігін ізін суытпай ашты.  Мысалы, КПб жедел уәкілдері 2020 жылғы 29 қаңтар күнгі кешкі сағат 18.00 мен 30 қаңтар күнгі сағат 10.00 аралығында салынып жатқан, құрылысы әлі бітпеген үйлердің пластик терезелерін сындырып, ішке еніп, ұрлыққа жол берген тұлғаларды анықтады.

Олар «Астана» ықшам ауданындағы бір үйден құрылыс заттарын, бұйымдарын  және үй жылытатын  көлемді пештерді ұрлау үстінде құрықталды. 1992 жылғы үй иесіне 210 мың теңге шығын келді. Қылмыстық топ құрамындағы 3 жігіт үш үйге ұрлыққа түскендерін толықтай мойындады. Олардың біреуі Алматы облысының тұрғыны, екеуі Орал қаласының тұрғындары екен. Бүгінгі күні жылыту пештерін ұрлағыш тұлғалардың бірі РУ 170/1 мекемесіне қамауға жабылды. Екі тұлғаның қолынан ешқайда кетпейтіні, қаладан еш жерге шықпайтыны туралы қолхат алынды. Сонымен қатар, тәртіп сақшылары екеуінің бұған дейін істі болғанын, бірінің сотталмағанын анықтады. Үш күдіктінің қолындағы ұрланған бұлтартпас айғақ заттар тәркіленді, қазіргі күні өз иелеріне қайтарылуда. Жәбірленушілерге келтірілген материалдық шығын да есептелуде.

Орал қ.ПБ ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөліміне сай 3 эпизодпен қылмыстық істі қозғап,  тергеу амалдарын жүргізуде.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
71 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
65 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
65 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
62 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
115 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
90 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»