8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
31 Қаңтар 2020 2120 0
Қоғам

БАТЫР РУХЫНА ТАҒЗЫМ

Оралдық студенттер Ұлы Жеңістің  75 жылдығы қарсаңында Кеңес Одағының батыры Темир Масиннің ескерткішіне гүл шоқтарын қойып,  рухына тағзым жасады.

Ұлы Жеңістің  75 жылдығына орай облыс көлеміндегі «Біз – Жеңіс мұрагерлеріміз!» акциясы аясында Жоғары аграрлық-техникалық колледжінің директоры С.Х.Мұхамбеталиевтің бастамасымен колледжіміздің студенттері Ұлы Жеңіс жолында құрбан болған аталарымыз бен әкелеріміздің, мәңгі жадымызда сақталған жауынгерлер мен офицерлер рухына, бейбіт кезеңде дүниеден өткен және бүгінде ортамызда жүрген Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің құрметіне орай, Кеңес Одағының батыры Темир Масиннің ескерткішіне гүл шоқтарын қойып,  батыр рухына тағзым етті. Шараға Ұлы Отан соғысының ардагері Х.А.Сафин, колледж директоры С.Х.Мухамбеталиев,  «Ауғанстан Ардагерлерінің Одағы» ҚБ төрағасы О.В.Пимонов, Ауған соғысының ардагері А.Г.Веремин қатысты.  ҚР 5517 әскери бөлімінің оркестрінің сүймелдеуімен әскери марштар орындалған шарада сөз алған Ұлы Отан соғысының ардагері және колледжіміздің 1949 жылғы түлегі Х.А.Сафин сұм соғыстың тағдырлы тарихын баяндай отырып, бүгінгі студент- ертеңгі мамандарға қаһарман ерлердің қажырлы даңқына тағзым жасау – елдіктің белгісі екенін айтты. Сондай-ақ, О.В.Пимонов та колледж басшысы мен барша шәкірттерге бұл шараны бүгінгі ұрпақтың бақыты үшін фашизмге қарсы тұрып, оққа ұшқан майдангерлердің ерлігіне және  922-ші атқыштар полкінің командирі, капитан, бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен Темір Масиннің рухына көрсетілген құрмет ретінде атап өтіп, алғысын бідірді.

Зымыраған уақыттың қанатындағы Жеңістің 75-ші көктемі қарсаңында өткен бұл шара патриоттық рухтарын көтерер студенттерге тәлімді тәрбие бергені сөзсіз.

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
75 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
69 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
69 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
66 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
118 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
93 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»