8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
31 Қаңтар 2020 1714 0
Өзек

ГАЗ БАЛЛОНЫ ЖАРЫЛЫП, БІР АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ

Оралда газ жарылып, үш адам ауруханаға түсіп, біреуі дәрігерлер көз алдында қаза тапты. Енді бірінің жағдайы ауыр жан сақтау бөлімінде.

Оқиға 30 қаңтар күні сағат 17.02-де «Болашақ» шағынауданы Бекімов көшесі, 53-үйде болған. Анықталғандай, газ баллонының «Парма ТПГ-30» жылу-газ құрылғысы қызып кеткен. Соның салдарынан газ баллоны ажырап кетіп, газ-ауа қоспасының жарылуынан өрт шыққан. БҚО ТЖД бас маманы, азаматтық қорғау майоры Мереке Жұмағалиевтің айтуынша, үйдің қабырғасы қирап, жанған, төбесін де от шарпыған. Аумағы 80 шаршы метрді қамтыған өрт сағат 18.39-да сөндірілген. Оған 15 адам, 6 техника жұмылдырылды. Өрт газ жабдығын пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтамаудан шыққан.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың нақтылауынша, оқиға салдарынан үш адам күйік жарақатын алған. 21 жастағы жігіттің бетін, кеуде тұсын және аяқ-қолын, 21 жастағы тағы бірінің бөксесін күйік шалған. Ал 18 жастағы ер баланың желке тұсы күйген. Үшеуі де облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілген.

Алайда, 21 жастағы азаматтың бірі бүгін таңертең көз жұмған. Екіншісі хирургиялық бөлімде. Оның жағдайы орташа ауыр. Ал 18 жасар жігіттің жағдай ауыр. Ол жан сақтау бөлімшесінде.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
73 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
121 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
160 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
417 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
437 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»