8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
31 Қаңтар 2020 3127 0
Қоғам

АБДОЛЛА ЖҰМАҒАЛИЕВКЕ «ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ» АТАҒЫ БЕРІЛСЕ…

30 қаңтар күні Жәңгір хан университетінде «Еленбеген ерлік» тақырыбымен Жеңістің 75 жылдығына арналған тарихи танымдық кеш өтті.

Отан үшін отқа түскен батыр, ақын Абдолла Жұмағалиевтің өмірі мен өлеңінен, аңыз боп жеткен ерлігінен сыр шерткен шараны «Рухани жаңғыру» орталығы мен облыстық тарихи-өлкетану музейінің бөлімі – Жәңгір хан атындағы тарихи-этнографиялық музейі ұйымдастырды.

Қасым Аманжоловтың әдеби кейіпкері, жерлесіміз Абдолла Жұмағалиев – Мәскеу түбінде ерлікпен қаза тапқан қаһарман. Ақын Абдолланың командирі В.Григорьев, журналист И.Нарцисов, ақын П.Кузнецов, Ә.Сәрсенбаев, Ж.Молдағалиев, жазушы Д.Снегин, Б.Момышұлы, М.Ғабдуллин, Қ.Бекқожинның жазғандарына қарап қоршауда қалған Абдолланың асқақ ерлігін білеміз.

Қадыр Мырза Әли: «Ақын Абдолла Жұмағалиев Отан үшін майданда от болып жанып кетті. Оның алауы әлі сөнген жоқ. Сөнбек те емес. Ол – мәңгілік алау!» – дейді.

Ерлікпен қаза тапқан, аты аңызға айналған ақын, батыр Абдолла Жұмағалиевке жеңістің 75 жылдығы қарсанында «Халық қаһарманы» атағы берілсе дейміз.

Отандастарымызды бұл ұсынысқа пікір білдіріп, қолдауға шақырамыз!

Жайнагүл Сағидоллақызы, Жәңгір хан университетінің медиа орталығының маманы

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
79 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
125 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
164 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
420 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
442 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»