8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
28 Қаңтар 2020 1139 0
Қоғам

ПАТРУЛЬДЕГІ ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРУДЕ

               «Жергілікті Полиция қызметінде қордаланған күрделі мәселелер бар. Облыс тұрғындарынан арыз-шағымдар көп түсуде. Соңғы кезде өңірімізде жол-көлік оқиғалары жиілеп, соның ішінде патрульдік қызметтегі полицейлердің жемқорлыққа жол беру фактілері анықталды. Әсіресе, «Атырау-Самара», «Орал-Ақтөбе» бағыттары бойынша мұндай фактілер көп орын алған.  Айыппұлдың орнына кей патрульдік полицейлер немесе жол ережесін бұзғандар мәселені сол жерде шешуді ұсынады. Бізде пара беретіндер қатарына жол ережесін жиі бұзатындар жатады. Ал жол ережесін бұзған кейбір адал азаматтар заңмен белгіленген айыппұлды төлеуге келіседі.  Осылайша, байқаусызда ереже бұзған азаматтарды жазалаймыз да, нағыз өрескел заң бұзушыларды одан әрі заң бұзушылыққа итермелейміз. Өйткені олар парамен құтылып жүреді». Қаңтардың 28-і күні облыс әкімдігінде өткен Полиция департаменті қызметінде сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алу бойынша өткен жиында өңір басшысы Ғали   Есқалиев осылай деді. 

             Шараға Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары С.Егізбаев, Полиция департаментінің бастығы М.Аблазимов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Н.Самет, «Ақжайық – Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Ә.Салиева қатысып, аталмыш мәселені жан-жақты талқыға салды.

Жиында сөз алған БҚО Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы Кенжебек Куспаев жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылған жұмыстарға тоқталды. – Жергілікті полиция қызметінде жемқорлықтың алдын алу бағытындағы жұмыстар үздіксіз жүргізілуде. Әйтсе де бұған қарамастан, заңға қайшы әрекеттер орын алуда. Ағымдағы жылдың 21 қаңтарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент қызметкерлері жүргізген тексеріс кезінде қызмет бабында пара алды деген күдікпен жол патрульдік қызметінің командирі  Мырзағалиев ұсталды. Аталмыш факті бойынша қызметтік тексеріс жүргізілуде. Осы аптада  өтетін қызметтік кеңесте жемқорлыққа жол берген қызметкердің, тікелей басшыларының тәртібі қатаң қаралады, – деді Кенжебек Сүйеужанұлы. «Ақжайық адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Әлия Сәлиева аталмыш сала қызметкерлері арасында жасырын сауалнамалар жүргізу, полицейлердің жұмысына арнайы мониторинг жүргізу секілді жемқорлықты болдырмау бағытындағы бірқатар іс-шараларды ұсынды. Ал БҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының бірінші орынбасары Нұрдәулет Сәмет:  – Полиция департаментімен бірлесіп, бұрын сыбайлас жемқорлық жасағандары үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған қызметкерлердің психологиялық және криминологиялық портретін жасақтауды ұсынамын және бұл жұмысқа ғылыми  тұрғыдан қажетті эксперттерді кеңінен тарту қажет. Бұл тұлғаларды не біріктіреді, мүмкін олардың қоршаған ортасы, төмен жалақылары, материалдық жағдайлары мен басқа да өмірлік жағдайларын анықтау қажет. Бұл бізге сыбайлас жемқорлықты туғызатын жағдайлар мен себептерін терең зерттеп, олар бойынша нақты жүйелі шаралар қабылдауға мүмкіндік береді, – деп атап өтті.

Өз кезегінде Полиция департаментінің бастығы Мақсотхан Аблазимов айтылған ұсыныстарды қолдап, белсенді қоғам өкілдерімен бірлесіп осы бағытта жұмыстар атқаруға дайын екендігін жеткізді. – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті қызметкерлері осындай жағдайды анықтады. Бұл тұрғыда бізден жіберілген кемшіліктер бар. Қазір қызметтік тергеу жүргізілуде, қызметкерлерге, олардың басшыларына тиісті шара қабылданады. 2018 жылы жалпы полицейлер тарапынан 22 қылмыс тіркелсе, былтыр 15 қылмыс тіркелді. Оның ішінде жемқорлық фактілері бойынша өткен жылы бір жағдай орын алды. Мәселенің басты себебі – бақылаудың жеткіліксіздігі. Қызметтегі полицейде бейнежетон қосулы тұруы тиіс. Жұмыс соңында басшылары қадағалауы керек. Бейнежетонды қоспай, қылмыстық іздерін жасыруды көздеген фактілер болды. Қазан, қараша айларында осындай құқықбұзушылыққа жол берген екі қызметкерді анықтап, ішкі істер қызметінен шығардық, алты қызметкерді лауазымынан босаттық, – деген М.Аблазимов жұмысынан аластатылғандардың қатарында қазір ісі тергеліп жатқан жеке батальон командирінің бар екенін айтты. Тиісті шешім қабылданбаған соң іс насырға шауып, аталмыш қызметкер ауыр қылмысқа жол беріп отырған көрінеді.

Шара соңында облыс әкімі Ғали Есқалиев облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен Полиция департаментіне өңірлік ішкі істер органдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және жою бойынша кешенді іс-шаралар жоспарын жасақтауды тапсырды.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
192 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
209 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
477 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
956 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1334 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1205 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1692 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2311 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2474 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2482 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2534 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2537 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2120 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
3016 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
3070 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
3063 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3679 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3645 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3636 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3610 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3771 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»