8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
28 Қаңтар 2020 1637 0
Қоғам

МОНИТОРИНГ ТОБЫ ТЕКСЕРІС ЖҮРГІЗДІ

Орал қаласы әкімінің тапсырмасымен абаттандыру жұмыстарын бақылайтын қоғамдық мониторинг тобы құрылған болатын. Мониторинг тобы 27-28 қаңтар күндері қаладағы мемлекеттік, әлеуметтік, нысандар мен шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының 80 пайызын қамтып, сондай-ақ орталық және негізгі көшелердегі жарықтандыру мен тиісті аумақтағы қар тазалау жұмыстарын тексерді.

    

Тексеру нәтижесінде әр түрлі сипаттағы заңбұзушылықтарға жол берген нысандарға хабарлама берілді. Алайда, қазіргі таңда хабарлама таратылған мекемелердің тиісті міндеттемелерін орындамай отырғаны анықталды. Мәселен, олардың қатарында Құрманғазы-59 мекенжайындағы «Орал-Стом» стоматологиясы, М.Мәметова көшесіндегі «Мир дверей» дүкені, Құрманғазы көшесіндегі «Шашлыкоф» кафесі, Гагарин көшесіндегі «ҚазТрансГазАймак» АҚ, Статистика департаменті, Ауыл шаруашылығы басқармасы, Гагарин көшесіндегі «Старт» сауда үйі, «Коммунальник», «Северный», «Агрореммаш» ПИК-тері бар. Осы орайда, сүйікті қаламыздың тазалығы мен абаттандыру жұмыстары әрбір мекеменің міндеті ғана емес, тұрғындардың қауіпсіздігі үшін екенін ескерген абзал. Бүгін мониторингтік топ Шолохов көшесінде жеке кәсіпкерлердің қаланы абаттандыру ережесін сақтау бойынша кезекті іс-шара өткізді. «Лига» көлік жуу кешені, Шолохов-С. Тюленин көшелерінің қиылысындағы «Юнисерф» кеңсе-орталығы, «ДОС компании» ЖШС, «Беркут» ЖҚС, «VenOiL» ЖҚС сияқты іргелес аумақтардан жиналған қарға қатысты бұзушылықтар анықталды. Барлығына анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама берілді.

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
75 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
123 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
162 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
418 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
440 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»