БҚО-ДА «ТҰРМЫС» ЖЕДЕЛ АЛДЫН АЛУ ШАРАСЫ БАСТАЛДЫ
20 қаңтардан бастап Батыс Қазақстан облысы аумағында «Тұрмыс» атты жедел алдын алу шарасы басталды. Іс-шара аясында Орал қ.ПБ ЖПҚб мен ЖПҚб кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі ювеналды топтың басшылары мен инспекторлары бірнеше іс-шаралар мен кешенді тексерістер, рейдтер мен акциялар ұйымдастыруды жоспарлады.

23 қаңтарда Орал қ.ПБ ЖПҚб аға инспекторы полиция майоры Ақтоты Кушкинова, ЖПҚб ювеналды топтың аға инспекторы полиция майоры Мадина Құспанова, «Орал жастары» волонтерлық қозғалысының белсенді мүшелері Дулат Жүсіпқалиев, Ерлан Нагимов, учаскелік полиция инспекторының қоғамдық көмекшісі Қайролла Қарағойшиев, өзге де жауапты тәртіп сақшылары Орал қаласындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығына барды. Дағдарыс орталығының басшысы Талшынай Жүніс орталықтың бүгінгі тыныс-тіршілігімен таныстырып, «Тұрмыс» ЖАШ аясында біркелкі іс-шараларды полиция басқармасымен бірлесе атқаруға уағдаласты. Одан әрі рейдке қатысушылар «Ескі аэропорт» ауданындағы бір көшеде шағын ғана вагон сынды кішкене бөлмені паналап отырған, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасына барды. Отанасымен сөйлесіп, тұрмысымен жақынырақ танысты. Тәртіп сақшылары бұл отбасының күрмеуі қиын сұрақтарын шешуге қолғабыс жасайтындарын, әйел адамды қызметке орналастыруға да қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бейімдеу орталықтарымен келіссөздер жүргізіп, көмектесетіндерін айтты. Учаскелік полиция инспекторлары мен ювеналды топтың инспекторлары өмірге құштар, барын үйлестіретін, алайда тығырықтан шыға алмай, уақытша ғана қиындыққа төтеп беріп отырған отбасына өз күштерімен азық-түлік сатып апарып берді. Бұл отбасындағы оқушы ер бала мектеп инспекторларының үнемі назарында, жауапты инспекторлар сабағын қадағалап, мектебімен, ұстаздарымен байланысты үзбейді.
– «Тұрмыс» ЖАШ 20 қаңтар мен 20 ақпан аралығында өткізіледі. Келесі рейд кезінде басқармаға есепке қойылған, үй иесі ішімдік ішіп, жанұясының шырқын бұзатын тұлғаларды анықтап, заң аясында шара қолданатын боламыз, өткен жылдың 12 айында отбасылық-тұрмыстық қарым қатынастарға байланысты қылмыстар саны 15,4 пайызға төмендеді,- дейді полиция майоры Ақтоты Кушкинова.
Мадина Құспанованың айтуынша, былтырғы жылы Орал қ.ПБ сенім телефондарына тұрмыстағы зорлық- зомбылыққа қатысты 865 арыз қабылданған. 50 әйел дағдарыс орталығына орналастырылып, өзгелеріне психолоиялық және заң тұрғысынан кеңес берілген.

Орал қ.ПБ баспасөз қызметі
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу