ОРАЛ ҚАЛАЛЫҚ №2 СОТЫНДА 13 098 АЗАМАТТЫҚ ІС ҚАРАЛДЫ
23 қаңтар күні Орал қаласының №2 сотында брифинг өтті. Сот төрағасы Азамат Борамбаев 2019 жылы сот төрелігін жүзеге асыру бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

Сот төрағасы алдымен сот қызметін жетілдірудің маңызды бағыттарының бірі саналатын – сот төрелігінің жеті түйініне тоқталды. Азаматтық істердің нәтижелері, сот төрелігін жүзеге асырудағы оң өзгерістер мен бірқатар көрсеткіштер айтылды.
Орал қаласының №2 сотына 2019 жылы 14 410 талап арыз түскен. Жыл соңына қаралмаған арыздар саны – 89. Жалпы қаралған азаматтық істер саны – 13 098, шешім шығарылғаны – 6901, арбитраждық сот шешімін бұзу туралы ұйғарым – 69, оның ішінде сот бұйрығы шығарылғаны 2476, оның қағаттандырылғаны – 5357, талап арызды қанағаттандырудан бас тартылғаны – 1613, сырттай қаралған істер – 3, қысқартылған немесе жазбаша түрде қаралғаны 2272 іс.
Сонымен қатар, 2019 жылы сот төрелігін жүзеге асырудың сапасын жақсарту мақсатында сот ісін жүргізудегі әуре-сарсаңға жол бермеуге, істерді жедел қарауға, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін сот арқылы қорғау аясын кеңейтуге бағытталған жұмысты одан әрі жетілдіру бойынша ұйымдастырушылық шаралары қабылданған.
Сотқа жүгінген азаматтардың көпшілігі азаматтық-құқықтық реттеу мәселелері, алимент төлеу, еңбек заңнамасының бұзылуы және тағы басқа мәселелермен жүгінген. Сонымен қатар, шығарылған сот актілерімен келіспеу жөнінде сұрақтар қойылып, әрі қарай шағым беру үшін азаматтық іс жүргізу туралы заң нормаларын түсіндіру жұмыстары атқарылған.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу