ОРАЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ
Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков шаһардағы дарынды мектеп оқушылармен кездесті.


Оқушылар сарайында ұйымдастырылған кездесуге биылғы республикалық пәндік олимпиаданың облыстық кезеңінің жүлдегерлері мен халықаралық, республикалық деңгейдегі ғылыми жобалар байқауларының жеңімпаздары қатысты.
Қалалық білім беру бөлімінің мәліметінше, биылғы пәндік олимпиаданың облыстық кезеңінде командалық есеп бойынша қала мектептерінің командасы екінші орынды иеленді. Қатысқан 82 оқушының 51-і жүлделі орындарды иеленген болатын. Олардың 11-і – бірінші, 20-сы – екінші орын алған. Осы 31 оқушы олимпиаданың республикалық кезеңіне ұсынылып отыр. Іріктеуден өткендер наурыз айында Талдықорған, Қарағанды қалаларында болатын олимпиаданың қорытынды кезеңінде облыс намысын қорғамақ.
Кездесуде оқушылар оқу жылында қол жеткізген өз жетістіктері туралы айтты. Жаңалыққа жаны құмар өрендер зерттеулері мен қиялдарынан туған ғылыми жобаларын таныстырды. Күннен қуат алатын «Ақылды үй», от жылуын электр энергиясына айналдыратын қозғалтқыш, қызғалдақ өсіру, кітап оқу белсенділігін арттыруға интернет-блоктың ықпалы сынды қызықты жобалар – оқушылардың ізденіске деген ілтипаттарының айғағы десек болады. Дарынды оқушылардың қатарында ұлттық қолөнер бұйымдары мен құлпытастар тарихын зерделеп, өткенді жаңғыртуға ынталанып жүргендері де бар.
Сұхбат барысында қала әкімі Абат Абайұлы оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының рухани мұрасынан нәр алуға шақырды. Жүздесуге қатысқан оқушыларға алғыс хат ұсынып, таланты ұшқыр, талғамы биік балғындардың армандарына жетуіне тілектес екенін жеткізді.



Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу