8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
20 Қаңтар 2020 18850 0
Қоғам

«АЛТЫН ҰРПАҚ» ЖОБАСЫ БАСТАЛДЫ

             Оралдағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде жаңа жылдан бастап «Алтын ұрпақ» жобасы қолға алынды. Жаңа жобада 7-сыныптың барлық ер балалары қазақ күресінің тарихын зерделеп, аптасына екі рет төл спортымыздың негізгі әдіс-тәсілдерін меңгереді.  Сенбі күні қазақ күресі секциясының тұсаукесері мен жаттығу залының ашылу салтанаты өтті.

Зияткерлік мектеп әлемді жақсартуға дайын, сыни тұрғыдан ойлайтын, әлеуметтік жауапкершілігі мол белсенді азаматтарды тәрбиелеуді мақсат етеді. Әсіресе, ұлттық болмысқа негізделген тәрбие – басты орында.

Жаңа жоба туралы жуырда 7-сынып оқушыларының әкелерімен кеңес өтті. Әкелер өз кезегінде қазіргі ұлдардың физикалық денсаулығы алаңдатпай қоймайтынын мойындап, жобаның маңызы мен қажеттігін айтты. Бүгінгі зияткер оқушы – ертең елімізді әлемдік қауымдастықта таныстыратын болашақ көшбасшы. Оларды жасөспірім шағынан ұлттық құндылыққа толы, нағыз ер азамат етіп тәрбиелеуіміз парыз. Ал күрестің текті түрі саналатын қазақ күресі – біздің ұлттық болмысымыздың қайнар көзі.  Ол қазақы рух, ептілік, қайсарлық, уақытылы әрі дұрыс шешім қабылдауға тәрбиелейді, – дейді мектеп директоры Шолпан Кадырова.

Зияткерлік мектепте ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында тоғызқұмалақ, домбыра, қазақ биі сияқты қосымша үйірмелер жұмыс істейді. Сонымен қатар «100 күйдің тарихы», «Қазақ әндері», «Ұрпақтар сабақтастығы», «Менің өмірімде қолданатын мақал-мәтелдер», «Екі апта ауылда» жобалары бар. «Алтын ұрпақ та» осы табысты жобалардың жалғасы іспетті. Ал 7-сыныптың ұлдарын төл өнерге самбо және дзюдодан спорт шебері Габбасов Нұрымжан Серікбайұлы баулитын болады. Айта кетейік, қазақтың ұлттық күресі – ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енген спорт түрі.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
74 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
68 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
68 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
65 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
117 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
92 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»