8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
16 Қаңтар 2020 1973 0
Қоғам

«152-ШІ АТҚЫШТАР БРИГАДАСЫНЫҢ ІЗІМЕН» ДЕРЕКТІ ФИЛЬМІ ТҮСІРІЛЕДІ

Бұл туралы атаулы даталарға дайындық жоспары пысықталған жиында айтылды. Басқосуға Орал қаласы әкімі Абат Шыныбеков және Ұлы Отан соғысы, тыл  ардагерлері, тарихшы-ғалымдар, ақын-жазушылардан құралған жұмыс тобы қатысты. 

Оралда ҰОС Жеңістің 75 жылдығына орай Жеңіс алаңына жөндеу жұмыстары жүргізіліп абаттандырылмақ. Сонымен қатар соғыс жылдарында тылда еңбек еткен ардагерлердің еңбегіне ерекше мән беріп,   “Барлығы майдан үшін, барлығы Жеңіс үшін!” атты арнайы барельеф орнатылады. Ол Жеңіс мемориалдық кешенінің айшықты композициялық бөлшегіне айналады. Алаңдағы кіреберіс 5 аллеяға соғыстың 5 жылын қамтитын 20 ақпараттық тақта орнату жоспарлануда.

 – Оралдық «152-ші атқыштар бригадасы ізімен” атты теле-экспедиция ұйымдастыру жоспарлануда. Бұл экспедиция Ақжайық телеарнасымен бірлесіп. ақпан-сәуір айларында аталған бригаданың жүріп өткен жолымен Орал, Жәнібек, Волгоград, Астрахань, Элистадан Ростовқа дейін барады. Осы жол бойынша деректі фильм дайындап әкеліп, Оралда алғашқы қойылымын көрсетуіді мақсат етіп отырмыз. Сондай-ақ Жеңістің 75 жылдығына арнайы кітап шығару жоспарда. Бұл жұмыс тобы мешелерімен кеңесіп атқарылмақ. Әскери әндер мен билерден және Жеңіс жырларынан облыстық хор ұжымдарының фестивальдері өтеді,  – дейді Орал қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Серік Қайырлиев.

Сондай-ақ Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерекесі аясында «Ардагер» клубы жаңғыртудан өткізіліп, ардагерлерге арналған коворкинг орталығы ретінде ашылады.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
80 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
127 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
165 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
420 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
442 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»