8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
15 Қаңтар 2020 2810 0
Қалалықтар қаперіне

ӘЛ-ФАРАБИДІҢ 1150 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТЕДІ

«Әлемнің екінші ұстазы» атанған Әбу Насыр Әл-Фараби 1150 жылдығына орай Орал қаласында ғылыми-практикалық конференция өткізу жоспарланған. Бұл туралы бүгін  атаулы даталарға орай өтетін шаралар пысықталған жиында айтылды.  Басқосуға қала әкімі Абат Шыныбеков пен атаулы мерейтойларды өткізу бойынша құрылған жұмыс тобының мүшелері қатысты.

Биыл шығыстың ғұлама ойшылы, математик, астролог, музыка теоретигі, Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған Әбу Насыр Әл-Фараби 1150 жылдығы.  Ғұламаның 1150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде атап өтілмек. Орал қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Серік Қайырлиевтің баяндауынша, ғылыми-практикалық конференциямен қатар “Ұлы Даланың Ұлы тұлғасы, ұлтымыздың мақтанышы” атты кинолекторий, кітап көрмелерін өткізілмек. Сонымен қатар қалалық жолаушы көліктеріне атаулы мерейтойларға арналған брендбук негізінде  бейнелері мен  нақыл сөздері бейнеленген постерлер жапсырылып, ғимараттардың қабырғасына стрит-арт салу жоспарланып отыр.

Әбу Насыр Әл-Фараби 870 жылы Арыс өзенінің Сырға барып құятын сағасындағы Фараб қаласында дүниеге келген. Ғұлама ойшылдың толық аты-жөні – Әбу-Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед Тархан ибн Ұзлағ Әл-Фараби.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
83 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
129 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
167 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
421 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
443 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»