«Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің 2019 жылғы жұмысы қорытындыланды
14 қаңтар күні ANTIKOR ORTALYQY сервистік орталығында «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің 2019 жылғы жұмысын қорытындылау бойынша кеңес өткізілді. Кеңеске жобаның кураторы, облыс әкімінің орынбасары С.Егізбаев, жобалық кеңсенің басшысы Ә.Сәлиева, арнайы мониторингтік топтың басшысы А.Түркина, жергілікті атқарушы органдардың басшылары, жобалық кеңсенің жауапты мамандары, АМТ және БАҚ мүшелері қатысты.

Жоба кураторы С. Р. Егізбаев сыбайлас жемқорлық ұлттық қауіпсіздік пен елдің болашағына елеулі қауіп төндіретінін, онымен күресте бүкіл қоғамды осы жұмысқа тарту маңызды екенін атап өтті, осы аспектіде «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі өз тиімділігін іс жүзінде дәлелдеді.
Жобалық кеңсенің басшысы Әлия Сәлиева жобалық кеңсенің 2019 жылғы жұмысын қорытындылай келе, жоба жалпыұлттық қозғалысқа айналғанын, оның аясында облыс әкімдігімен бірлесіп үлкен жұмыс атқарылғанын атап өтті. Атап айтсақ, «Ақжайық – адалдық алаңы» аясында жұртшылықтың қатысуымен «Мемлекеттік сатып алу мониторингі» жобасы іске қосылды, Уатсап-та облыстық, қалалық, аудандық әкімдіктер мен басқа да мемлекеттік органдардың басшылары қатысқан «адалдық» чаты құрылды. Облыстық сот пен Орал қаласының соттары «Open Space» форматы бойынша азаматтарға қызмет көрсету принципіне толығымен көшті. Тұрақты негізде облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшылығымен бірлесіп, ауылдық округтерге шығамыз және тұрғындарды қабылдауды өткізілуде.
«Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобасы аясында азаматтар жолдардың сапасына, аулаларды абаттандыруға мониторинг жүргізеді. Нәтижесінде демеушілер есебінен салынған иесіз қалған үш балалар мен спорт алаңдары анықталды. Оларды балансқа қою бойынша шаралар қабылданып, оларды күтіп ұстау мен жөндеуге қаржыландыру көздері анықталған.
Сондай-ақ жүргізуші куәлігін алу үшін емтихан тапсыру және айыппұл тұрағында авто рәсімдеу кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, «Сырым» шекара бекетінде кептелістер жойылды. Мичурин ауылында заңсыз орнатылған шлагбаумдар алынғанын да атап өту керек. Ақжайық – адалдық алаңының араласуымен «Батыс Су Арнасы» АҚ су есептегіштерін пломбалау құны 2 есеге төмендетті.
Шарада облыстық арнайы мониторингтік топтың жетекшісі А. С. Туркина 2019 жылғы жұмыс нәтижелері туралы баяндады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның орындалуы қоғам өкілдерінің тұрақты бақылауында екенін атап өтті.
Іс-шара соңында Жобалық офис жұмысына өз үлесін қосқан мемлекеттік қызметшілер мен аудандық Жастар ресурстары орталығының қызметкерлері облыс әкімінің орынбасары, жоба кураторы С. Р. Егізбаевтың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Р. С. Ақмырзаевтың алғыс хаттарымен марапатталды.


Соңғы жаңалықтар
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды

Кіру
Пікір үстеу