8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
13 Қаңтар 2020 2266 0
Қоғам

АРДАГЕР-ҰСТАЗДЫ МЕРЕЙТОЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Бүгін Орал қаласы әкімі Абат Шыныбеков Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі, «Құрмет белгісінің» иегері, ардагер-ұстаз Василий Андреевич Баевты 90 жас мерейтойымен құттықтады.

Мерейтой иесіне арналған салтанатты жиын  өзі 20 жылға жуық басшылық еткен №7 орта мектепте ұйымдастырылды. Мектеп ұжымы мен әріптестері  А.Баевты құрметпен қарсы алып, шоқ гүлдерін ұсынды.

Василий Андреевич 1930 жылдың 14 қаңтарында дүниеге келген. Орта мектепті тәмамдаған соң 1946 жылы Орал педагогикалық институтына түседі. Студент бола жүріп, №4 мектепте көркемөнерпаздар қызметінің, «Землячка» көркемөнерпаздар тобына жетекшілік етеді.

«Математика пәні мұғалімі» мамандығы бойынша диплом алған соң алғашқы педагогикалық еңбек жолын  №7 мектепте бастаған. Арада екі жыл өткен соң жолдамамен  педагогикалық институтта оқытушы, одан кейін №23 мектепте директор қызметтерін атқарған.

1976 жылы №7 мектеп жаңа ғимаратқа көшірілгенде осы мектепті басқару Василий Андреевичке тапсырылыпты. Осылайша, А.Баев 40 жылдық ғұмырын білім беру саласына арнаған екен. Алайда, зейнетке шыққаннан кейін де ұстаздықтан қол үзбеген. Өзінің айтуынша, күні бүгінге дейін ЖОО-ға түсуге талпынған талапкерлердің дайындығына көмектесіп жүр.

Ардагер-ұстаздың мерейтойына орай ұйымдастырылған шараға Орал қаласы әкімі Абат Шыныбеков, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Шавхат Өтемісов, Аманжан Жамалов, Еңбек ардагері Өтебай Құспанов, облыстық білім және ғылым саласы қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Марат Даупаев және БҚО білім басқармасының бөлім басшысы Жанна Әбдрахманова қатысып, ізгі-лебіздерін арнады.

№7 орта мектептің өнерлі шәкірттері ардагер-ұстаздың құрметіне концерттік бағдарламаларын ұсынды.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
83 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
129 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
167 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
421 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
443 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»