8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
13 Қаңтар 2020 3173 0
Қалалықтар қаперіне

ОРАЛ ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ҚР Президентінің «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» бағдарламасы және меритократия қағидаттарын жүзеге асыру аясында және конкурстық комиссияның шешімі бойынша Орал қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы лауазымына Жандос Нұржанұлы Салимов тағайындалды.

Жандос Нұржанұлы САЛИМОВ 1980 жылы Батыс Қазақстан облысы, Қазталов ауданы Қазталов ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, Орал агротехникалық колледжін «техник-технолог», Орал еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын «заңгер», Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-технкалық университетін «техника және технологиялар» мамандығын бітірген.

Әр жылдары:
– Орал қаласының сәулет және құрылыс бөлімінің бас маманы;
– Орал қаласының сәулет және құрылыс бөлімі басшысының орынбасары;
– БҚО Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бас маманы, бөлім басшысы;
– ҚР Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің «Мемсараптама» РМК бас маманы;
– «Самұрық Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ техникалық бақылау және мониторинг департаменті менеджері;
– «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ ТҮКШ департаментінің бас маманы;
– ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Мемлекеттік сатып алу басқармасы басшысы (Астана);
– Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының өндіріс мәселесі жөніндегі орынбасары (Ақтау) қызметтерін атқарды.

Күні бүгінге дейін Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болды.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құттықтаймыз!
Құрметті Орал қаласының тұрғындары!
30 Сәуір 2026
32 0
Өңір жаңалықтары
Оралда «Достық» фестивалі өтті
30 Сәуір 2026
80 0
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
49 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
274 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»