ЗАҢСЫЗ ОЙЫН ҰЙЫМДАСТЫРҒАН АЗАМАТҚА 1 МЛН. ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ
БҚО Жаңақала ауданы прокуратурасы заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактісін анықтады.

БҚО прокурорының аға көмекшісі Бауыржан Ахметжанның мәліметінше, Д. есімді азамат Жаңақала ауданында уәкілетті органға тіркелместен ойын бизнесін ұйымдастырған. Бұл заңсыздық экономикалық тергеу департаменті жүргізген жедел-іздестіру шаралары кезінде расталды. Аудан прокуроры Арман Қабанов қозғалған қылмыстық істің заңдылығына тиісті қадағалау жасап, сотта мемлекеттік айыптауды аға прокурор Жұмабай Ермеков қолдады.
– «Ойын бизнесі туралы» Заңының 8-бабында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысуға уәкілетті орган лицензия беретіні көрсетілген. Алайда, азамат Д. 2017 жылдың желтоқсаны мен 2019 жылдың наурызы аралығында Жаңақала ауылындағы «Бозбаев» кафесінде заңсыз ойын бизнесін (кено, колесо фортуны, тотализатор және т.б.) ұйымдастырып, 4,9 млн. теңге табыс тапқан. Сондай-ақ бұл іске өзі басшылық жасайтын «Букмекерская контора «Inbet.kz» ЖШС-ның арнайы құрал-жабдықтары, компьютерлік техникаларын және мамандарын пайдаланған, – дейді прокуратура өкілі Бауыржан Ахметжан.
2019 жылғы 13 желтоқсандағы Жаңақала аудандық сотының үкімімен азамат Д. Қылмыстық Кодекстің 307-бабының 2-бөлігінің 3, 4-тармақтарымен (заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру) кінәлі деп танылып, оған 1 010 000 теңге айыппұл салынды және мүлкі тәркіленді.
Сот үкімі заңды күшіне енді.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу