8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
10 Қаңтар 2020 1841 0
Қоғам

А.НҰРИТДЕНОВА: «АБАЙДЫҢ РУХАНИ МҰРАСЫН ДӘРІПТЕУ – ҰРПАҚ ПАРЫЗЫ»

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласымен танысып, Абай шығармаларының құндылықтарын ел дамуының кезеңдерімен ұштастырылғанын байқадым. Шынымен де, Ұлы ақынның шығармалындар  қазақы болмысымызға тән ерекшеліктер қозғалады.

Ақынның 175 жылдық мерейтойының қаншалықты маңызды екенін әр қазақ түсінеді деп ойлаймын. Қоғамдық сананы жаңғыртатын, бір ел, тұтас ұлт болып дамуымызға серпін беретін Айбайдың тойына үн қосудан әрқайсымыз шет қалмағанымыз дұрыс. Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Абайдың ойынан да, тойынан да тағылым алуға тиіс екенін айтты.  Бас ақынымызды тереңнен тану үшін үлкен-кіші бәріміз оның шығармаларын оқуға назар аударсақ деймін. Өйткені Абайдың өмірі мен шығармашылығы еңбек етуге, адал өмір сүруге, рухымызды  көтеруге тәрбиелейтін әлем. Мемлекет басшысы өз мақаласында «әр қазақтың төрінде домбыра тұрсын деген ұғым қалыптасқаны сияқты әр шаңырақта Абайдың кітабы мен Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романы тұруы керек деді. Мен де бұл ұсынысты қолдаймын. 

Сондай-ақ, мақалада қазіргі өркениетті мемлекеттер атақты тұлғаларымен мақтанса, біз де сондай біртуар тұлғаларымыздың бірі Абай екендігін айта отырып, ақынның «Толық адам» тұжырымын баса назарда ұстап, оның өміріміздің кез-келген саласында негізгі тұғырына айналуы қажеттігін ескертеді. Бұл  тек өте ілкімді, өзіне сенімді, ізгілік пен жақсылыққа ұмтылатын адамдарға ғана тән сипаттама.

Сонымен қатар, ақынның ұлт бірлігін, әділетті қоғам құру, елдік мұратты дәріптегенін негізге ала отырып, оның бүгінгі еліміз үшін қаншалықты маңызды екендігіне назар аудартады. Абай шығармаларының өскелең ұрпақ үшін берер тәлімі мол, рухани мұра екендігін жас ұрпаққа айтып қана қоймай, осындай әрбір тәлімін өмірмен байланыстырып отырсақ, жетер жетістігіміз де аз болмасы анық. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың осындай құндылықтарымызды бүгінгі өмірмен сабақтастырған мақаласының біз үшін ерекше маңызы зор.

Ақтілек Нүритденова,

Бәйтерек ауданы Дариян мектеп-гимназия-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің 1-санатты мұғалімі

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
76 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
70 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
70 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
67 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
120 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
94 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»