1411 ТӘУЛІК БОЙЫ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕДІ
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қарамағындағы 1411 байланыс орталығы енді тәулік бойы қоңыраулар қабылдайды. Әлеуметтік төлемдер мен еңбек саласына қатысты кеңес беретін call-орталық қызметкерлерібұдан былай атаулы әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қызметтер порталының жұмысына қатысты сауалдарға,сондай-ақ info@info.mintrud.kz электронды поштасына келіп түсетін хаттарға да жауап береді.

«Бүгінде 1411 байланыс орталығына орташа есеппен бес мың қоңырау келіп түседі. Азаматтар демалыс және мереке күндері де қоңырау шалып, өз сауалдарына жауап ала алады. Жыл басынан бері 22 мың қоңырау келіп түссе, олардың басым бөлігі зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру, көп балалы аналардың ай сайынғы жәрдемақысы, атаулы әлеуметтік көмек мәселелерін қамтиды. Қызмет алушылар ХҚО-ға бармас бұрын, 1411-ге хабарласып, әлеуметтік қызметтерді рәсімдеуге қажет құжаттар тізімін де алдын ала біліп отыра алады», – дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрайымының орынбасары Біржан Жүнісов.
1411 бірыңғай қысқа нөміріне тегін қоңырау шала отырып, кез келген оператордан келесі мәселелерге қатысты жауап алуға болады:
– зейнетақымен жәрдемақы рәсімдеу;
– көп балалы отбасының мемлекеттік жәрдемақысы;
– атаулы әлеуметтік көмек;
– әлеуметтік қызметтер порталы;
– еңбек қатынастары және халықты жұмыспен қамту;
– мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған адамдарға онлайн-психологиялық консультация беруге өтінімдер қабылдау мәселелері.
Бұдан басқа, әлеуметтік төлемдер мен зейнетақы және еңбекпен қамту мәселесіне қатысты негізгі сауалдардың жауабын www.info.mintrud.kzсайты арқылы да білуге болады.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс

Кіру
Пікір үстеу