8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
09 Қаңтар 2020 1895 0
Өзек

ТЕЛЕФОНЫ МЕН АҚШАСЫН ҰРЛАП КЕТКЕН

Орал қаласында түн ортасында әйел адамды тонап кеткен күдікті ұсталды

Оқиға 2 қаңтар күні болған. Түнгі сағат 1.30 шамасында «102» нөміріне әйел адам хабарласып, 8 март көшесі бойында белгісіз ер азаматтың құны 300 мың теңге тұратын ұялы телефонын және 8 мың теңге ақшасын ұрлап кеткені туралы хабарлаған.

Оқиға орнына барған Абай полиция бөлімінің жедел тергеу тобы құрамындағы жедел уәкілдер мен тергеушілер кісі тонаған тұлғаның ізіне, жүрген бағытына қарай аяқ басты. Көп кешікпей тәртіп сақшылары 1980 жылғы, еш жерде жұмыс жасамайтын, Орал қаласының тұрғынын ұстады. Қалтасындағы «Самсунг»  маркалы ұялы телефонды тәркіледі. Оқиға орнынан бейнетаспа алынды. Тәртіп сақшылары арыз жазған азаматшаға қою көк түсті, имей коды бар ұялы телефонын қайтарып берді.

Күдікті түн ішінде кісі тонағанын, әйел адамға қоқан лоққы көрсетіп құнды ұялы телефоны мен ақшасын күштеп тартып алғанын, ақшаны жеке басының қажетіне жаратқысы келгенін мойындап отыр.

Қазіргі күні Абай Пб тонау фактісімен тергеу амалдарын жүргізуде.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
78 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
124 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
163 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
419 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
441 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»