8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
08 Қаңтар 2020 2521 0
Өзек

ОРАЛДА БАЛАЛАРДЫҢ ТҰМАУДАН КӨЗ ЖҰМҒАНЫ РАС ПА?

Орал қаласында тұмау ауруынан екі баланың қаза тапқаны жөніндегі ақпаратты Батыс Қазақстан облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті жоққа шығарды.

Бір-екі күннен бері әлеуметтік желілерде Орал қаласында екі баланың тұмаудан қайтыс болғандығы жөнінде ақпарат тарап жүр. Осы ақпаратты алған тұрғындар арасында баласы үшін үрей пайда болып, бір-біріне жолдауда. Бірақ, облыс тұрғындарына ешқандай уайымға себеп жоқ. Батыс Қазақстан облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті облыста тұмау ауруының тұрақты екенін хабарлады. Тұмау ауруының асқынған түрі тіркелмеген.

Жалпы облыста тұмау, ЖРВЖ басқа да аурулар  БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің жіті қадағалауында. Эпидемиялық маусым басталғаннан бері (2019 жылғы 1 қазаннан бастап) 6 қаңтарға дейінгі уақытта ЖРВЖ 7776 жағдайы тіркелді. ЖРВЖ-мен ауырғандардың негізгі үлесін 14 жасқа дейінгі балалар – 75,6%, 1 жасқа дейінгі балалар-11,7%, жүкті әйелдер – 2,9% құрайды. Эпидемиялық маусым басталғаннан бері 348 пневмония оқиғасы тіркелген. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 97,7%.  Өлім жағдайлары тіркелген жоқ.

Облыс бойынша В тұмауы вирусының айналымы анықталды, тұмаудың зертханалық расталған 42 жағдайы тіркелді, 14 жасқа дейінгі ауырған балалардың үлес салмағы 85,7%.

ЖРВЖ және тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай Департаменттің бақылауында, облыста эпидемияға қарсы жедел шараларды қабылдау мақсатында жыл сайын 1 желтоқсаннан бастап облыс халқының жіті респираторлық вирустық инфекциялар мен тұмаудың жай-күйіне күнделікті мониторинг жүргізіледі.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
78 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
124 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
163 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
419 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
441 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»