8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
07 Қаңтар 2020 1686 0
Қоғам

ПРАВОСЛАВ ХРИСТИАНДАРЫ ХРИСТОС РОЖДЕСТВОСЫ МЕРЕКЕСІН АТАП ӨТУДЕ

Бүгін православтық христиандардың Жарқын Христос мерекесі. Осы мерекеге орай Орал қаласы әкімі Абат Шыныбеков оралдық православтық христиандарды қасиетті мерекемен құттықтады. 

–  Бұл  – рухани және моральдық құндылықтарды бекітетін, қоғамда жоғары адамгершілік қасиетті нығайтуға ықпал ететін жарқын мереке. Тәуелсіздік жылдарындағы біздің ең басты жетістіктеріміздің бірі қазақстандық қоғамда конфессияаралық бейбітшілікті және келісімді сақтап, нығайта түскеніміз.  Бейбітшілк пен келісім – маңызды жалпыхалықтық игілік. Оны әр бірлескен еңбегімізбен сақтай білуіміз керек. Діни сеніміне, тілі мен мәдениетіне қарамастан еліміздегі барша ұлт өкілі келісіммен, бір-біріне деген сеніммен өмір сүруде. Оралда да православтық қоғам басқа конфессиялармен бірге қала өміріне белсене араласып, халық бірлігін нығайтуға үлес қосып келеді. Осындай жарқын қуанышты мерекеде ашық аспан, баршаңыздың дендеріңізге саулық, еңбекте табыс, көпұлтты Отанымыздың гүлденуін тілеймін, – деді Абат Абайұлы.

Айта кетейік, бұл күні  еліміздегі барлық шіркеуде құлшылық шаралары басталды. Православ христиандары бұл күні таң бозарып атқаннан кешке дейін ас-судан бас тартады. Сондай-ақ, олар бұл мерекеде бір-біріне тәтті тағамдар ұсынып, түрлі сыйлық жасайды.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
82 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
128 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
166 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
421 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
443 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»