8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
07 Қаңтар 2020 2007 0
Қоғам

61 БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАҒА ЖОЛДАМА АЛДЫ

Бүгін Оралда 2019-2020 оқу жылының жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың үшінші, яғни облыстық кезеңінің қорытындысы жарияланды. 

Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрында өткен салтанатты марапаттау жиынына облыс әкімінің орынбасары Серік Егізбаев қатысты.

Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне 455 оқушы жолдама алған еді.  Алайда, түрлі себептерге байланысты тек 433 ғана қатысыпты. 14 пән бойынша 162 жеңімпаз-жүлдегерлер анықталған. Олар облыстық білім басқармасының дипломдарымен және арнайы,  бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жеңімпаз-жүлдегерлердің 61-і алдағы наурыз айында Қарағанды, Талдықорған қалаларында өтетін республикалық кезеңге жолдама алып отыр.

Сондай-ақ математика, физика, информатика және химия пәндері бойынша жүлдегер атанған 11 сыныпта оқитын 12  батысқазақстандық оқушы  Алматы қаласындағы Қазақстан-Британ техникалық университетінің 100, 50, 30 пайыздық және осы пәндер бойынша жеңімпаз атанған 6 оқушы Астана Халықаралық университетінің 100 пайыздық грант сертификаттарын алды.

Облыстық білім бәсекесінің қорытындысы бойынша командалық ұпай санымен Білім-Инновация лицейі – бірінші орын, Орал қаласы мектептерінің командасы – екінші орын, №11 Сәкен Сейфуллин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-лицейі – үшінші орын алды. Үздік нәтиже көрсеткен Сырым ауданының командасы арнайы алғыс хатпен марапатталды.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
73 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
67 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
67 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
64 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
116 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
91 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»