МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫ БАЛА САНЫНА ҚАРАЙ БЕРІЛЕДІ
Президент «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік қамсыздандыру және денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына да қол қойды.
Мемлекеттік жәрдемақы бала санына қарай беріледі:
- Төрт баласы бар отбасыларға – 42 496 теңге;
- бес балаға – 53 127 теңге;
- алты балаға – 63 757 теңге;
- жеті және одан да көп балаларға – 74 388 теңге.
Бұдан бөлек, атаулы әлеуметтік көмектің қолданыстағы жүйесі қайта қаралды. Енді атаулы әлеуметтік көмек қазіргідей 6 немесе 12 айға емес, тоқсан сайын тағайындалады.
Версия для печати
Пікір үстеу