ПӘНДІК ОЛИМПИАДАНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ
Бүгін Оралда 2019-2020 оқу жылының жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың үшінші кезеңі басталды. Облыстық олимпиадаға жалпы орта білім беретін және мамандандырылған мектептерден 455 оқушы қатысуда. Олимпиаданың үшінші кезеңінің тапсырмаларын «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының оқу-әдістемелік кеңесі дайындаған. Білім додасы №37 жалпы орта мектебінде ұйымдастырылуда.

Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, оқу жылы бойынша төрт кезеңде өтетін олимпиаданың алғашқы мектепшілік кезеңіне облыс бойынша 16 746 оқушы қатысқан. Одан іріктелгендер екінші – аудандық (қалалық) кезеңге жолдама алып, 2019 жылдың 5-6 желтоқсанда аудандық және қалалық білім бөлімдерінің ұйымдастыруымен өткізілген олимпиадаға 4 078 оқушы қатысты. Ал үшінші – облыстық кезеңге 455 оқушы келген. Олардың – 216-сы аудан мектептерінен, 87-сі Орал қаласының, 152-сі облыстық мектептердің оқушылары.
Облыстық олимпиаданың қазылар алқасы құрамы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлы-техникалық университетінің, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің ғалымдары, оқытушылары мен «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамының филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының, Назарбаев Зияткерлік мектебінің өкілдерінен құрылған.
Олимпиаданың үшінші кезеңі екі тур бойынша өтеді. Бүгін оқушылар теориялық тапсырмаларды орындаса, ертең практикалық тапсырмаларды орындаудан білімдерін сынға салмақ.
Осы кезеңнің қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткендер республикалық жалпы білім беретін пәндер олимпидасының ІV қорытынды кезеңіне қатысады деп күтілуде. Ол наурыз айында Қарағанды (жаратылыстану-математикалық бағыты) және Талдықорған қаласында (қоғамдық-гуманитарлық бағыты) өткізілмек.
Елмұра АСХАТҚЫЗЫ

Соңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу