«112» БІРЫҢҒАЙ КЕЗЕКШІЛІК-ДИСПЕТЧЕРЛІК ҚЫЗМЕТІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
БҚО полиция департаментінің жедел басқару орталығы ғимаратында 112 бірыңғай диспетчерлік қызметі іске қосылды.

Батыс Қазақстан облысы қауіпсіздік саласын цифрландыру бағытында «112 Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметі» жобасын жүзеге асыру бойынша пилоттық аймақ болып табылады.
Жоба аясында облыстың барлық жедел қызметтері біріктірілген. Олар – өртке қарсы қызмет (101), полиция (102), жедел медициналық көмек (103), авариялық газ қызметі (104) және төтенше қызмет (112). Осылайша, бір қоңырау арқылы қажетті қызметтердің барлығы қамтамасыз етіледі.
-«Бұл жедел әрекет ету желісінде бір уақытта барлық қызметтердің ресурстарын қолдану және тарату, ведомстволық жедел қызметтерді атқару жұмыс тиімділігін арттырып, келіп түскен хабарламаларға барлық қызметтер бірлескен күйде жедел түрде әрекет етіп, уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді, – деді БҚО ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер және архивтер басқармасы басшысы Сәкен Нұртазаев – Сондай-ақ, 101, 102, 103 нөмірлері де жұмыстарын жалғастырады, алайда уақыт өте келе бірыңғай қызметке қосылатын болады».
-«Қазіргі уақытта 112 байналыс желісіне 101, 102,103 қатысты сұрақтар және қала, ауыл аралық тас жолдарының жағдайына қатысты келіп түсуде. Барлығына жедел түрде жауап берудеміз», – деді 112 бірыңғай қызмет көрсету орталығының операторы Жанна Нұрғалиева.
112 нөмірі бір уақытта 40 қоңырауды қабылдауға қауқарлы. Қазіргі таңда диспетчерлік қызметте 3 оператор қоңырауларды қабылдап, жұмысқа кірісті. Бұл қызметті іске қосу үшін бюджеттен 57 млн теңгедей қаражат бөлінген. Бастапқы кезде жоба пилоттық деңгейде жүзеге аспақ. Диспетчерлік қызметке келіп түскен қоңырау жазылып, операторлар оны құзыретті мамандарға жіберіп отырады. Қазір полиция, төтенше жағдай мен жедел жәрдемнің мамандары 112-нің операторларына кеңес беріп, көмектесуде.


Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу