«ЖҰЛДЫЗ» КОМЬЮНИТИ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Орал қаласы №48 орта мектебі базасында «Жұлдыз» комьюнити-орталығы ашылды. Бұл орталыққа жас мөлшеріне қарамастан, шағын ауданның кез келген тұрғыны келіп, қалаған үйірмелеріне қатыса алады.

Жаңа орталықтың ашылуына қала әкімі Абат Шыныбеков қатысып, жаңа орталықтың жұмысына сәттілік тіледі.
– Әр баланың өсу, даму қабілеті мектепте білім алуымен, мектепішілік үйірмелермен шектелмеуі керек. Оған қоса демалыс уақыттарында өздерінің замандастарымен бірге әр түрлі өнер, дәстүрлі ойындарды үйреніп, спортта өздерін дамытуына мүмкіндік беретін осындай комьюнити-орталықтар. Заманауи үлгідегі орталық мәдени-ағарту бірлестіктерінің жұмысын жаңа форматқа ауыстыру мақсатында құрылып отыр. Яғни, бұрын мәдени-ағарту бірлестіктері балалармен ғана жұмыстанатын болса, қазір ересектерге де қызмет көрсетіледі. Осылайша, жастардың, аға буынның да орталыққа келіп бас қосуына, өз ойларын ортаға салып, іске асыруына мүмкіндік беріліп отыр. Жаңа орталықта дарынды жұлдыздар көп болады деп сенемін, – деді Абат Абайұлы.
Үйірме жетекшісі Аэлита Қадырғалиеваның айтуынша, мұнда ән, домбыра, көркемсөз, «Жас тілші», сурет үйірмелері, шахмат, тоғызқұмалақ, дойбы, аэрохоккей сынды үстел үсті ойындары үйірмелері жұмыс жасайды. Бүгінде 100-ге тарта оқушы үйірмелерге жазылып үлгерген.
– Екі ауысымда жұмыс жасаймыз. Таңертеңгі сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін балалар айналысатын болады. Оларға барлық үйірмелер тегін. Кешкі сағат 18.00-ден аудан тұрғындары абоненттік карта сатып алып, орталыққа келе алады. Біздің негізгі мақсатымыз – келушілердің бос уақыттарын тиімді өткізуіне көмектесу, шығармашылыққа, спортқа қызығушылықтарын арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау, – дейді Аэлита Батырханқызы.




Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу