СЫЙЛЫҚ АЛСАҢЫЗ, МЕМЛЕКЕТТІК ҚОРҒА ӨТКІЗІҢІЗ
БҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы мемлекеттік қызметшілерді адалдыққа шақырды.

Құрметті мемлекеттік қызметшілер!
«Дүниеде әділдік пен адалдықты ту еткен адамнан артық ешкім жоқ» немесе «Адалдық жүрген жерде адамдық жүреді» деген халқымыздың қанатты сөздері бар. Адалдық, Парасаттылық, Әділдік және Сенім құндылықтарын насихаттау – біз үшін маңызды.
ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес, мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың ҚР заңнамасына сәйкес қызметтік өкілеттіктерін орындауына байланысты сыйлықтар қабылдау бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қарастырылған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдамауы лауазымға қабылдаудан бас тартуға не лауазымнан шығаруға (лауазымнан босатуға) әкеп соғады, оларды сақтамау, қылмыстық жазаланатын іс-әрекет және әкімшілік құқық бұзушылық белгілері болмаған жағдайда, олардың мемлекеттік қызметті немесе өзге де тиісті қызметті тоқтатуы үшін негіз болып табылады.
Осы негізде, келе жатқан жана жыл мейрамы қарсаңында лауазымдық жағдайларына байланысты немесе қызметтік міндеттерін атқару кезінде сыйлықтар алынған жағдайда, 7 (жеті) күн мерзімі ішінде өз еріктерімен ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Батыс Қазақстан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің (мекен-жайы: БҚО, Орал қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 208-үй, 49 кабинет, телефоны: 50-47-53) жанындағы мемлекеттік қорға өткізу қажет.
Осы орайда барлық мемлекеттік қызметшілерді құқықтық мемлекетті қалыптастыра отырып, қоғамның парасаттылығын арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бірге атсалысуға шақырамын.
БҚО мемлекеттік қызметшілері, еліміз үшін аянбай еңбек ететін, қызмет пен мансап қуалаудан бұрын ар-ұят пен патриоттық сезімді алға қоятын азаматтар екендіктеріңізге сенемін.
Р.С. Ақмырзаев, БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу