8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Желтоқсан 2019 2182 0
Қалалықтар қаперіне

АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕКТІ ТӨЛЕУДІҢ ЖАҢА ТӘСІЛДЕРІ

Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында өткен брифингте БҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының мамандары атаулы әлеуметтік көмекті төлеудің жаңа тәсілдерін түсіндірді.

2019 жылы – мұқтаждық шегі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50%-нан 70%-на дейін көтерілген болатын. Осыған орай, АӘК алуға 20 789 теңгеден төмен жан басына шаққандағы табысы бар отбасылар құқылы. АӘК 20 789 теңге соммасы мен жан басына шаққандағы табысының айырмасы ретінде тағайындалады, бірақ балалар мұқтаждық шегі мен жан басына шаққандағы табысының айырмасын емес, ал оның толық сомасын, ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ын (20 789 теңге) алады. Сондықтан бұндай көмек көрсету жалғастырылатын болады.

Ағымдағы жылғы 11 ай қорытындысы бойынша АӘК 11 354  отбасыға немесе 55 597 адамға тағайындалған.Мамандардың есебінше, атаулы әлеуметтік көмек төлеу үшін 2019 жылға облыстық бюджеттен 2 698 млн.теңге қаралды.

– АӘК төлемдері қиын өмірлік жағдайдан шығу үшін көптеген отбасыларға қаржылай, соның ішінде ұсынылған жұмыспен қамту шараларымен көмектескендігі сөзсіз. Бұл ретте жағымсыз фактілер де аз емес – табысын жасыру және бизнесінің болуы, АӘК алу шарттарын бұзу. Мүмкін біреу бұны білмегендіктен, қателікпен істеді немесе мемлекет көмек беріп жатыр және неге оны қолданып алмасқа деген оймен, бірақ бұл заңбұзушылық. АӘК-ті заңсыз тағайындауға алып келген 3046 астам отбасы өзінің нақты табысын жасырғандығы анықталды. Олар бойынша шаралар қабылданды және біз бұрын тағайындалған АӘК-ті қайта есептеуге және тоқтатуға  мәжбүр болдық, – дейді басқарма басшысы Алтай Құлқаев.

Аталған тенденцияларды көрсете отырып, Қазақстан халқына жолдауында Президент ашықтықты, әділеттікті және еңбекке ынталандыруды қамтамасыз ете отырып, АӘК тағайындау тетігін түзетуді және аз қамтамасыз етілген отбасылар тарапынан балаларға қосымша кепілдендірілген әлеуметтік пакетті ендіруді тапсырды.

– Басты қағида – мемлекет шын мәнінде көмекке зәру жандарға көмектеседі. Балалар мен көп балалы жанұялар бірінші кезекте. Еңбекке қабілетті азаматтар жұмыс жасауы керек. Мемлекет жұмыс табуға немесе шағын бизнес ашуға қолдау көрсетеді. Кешенді шаралар үш бағытты қамтиды. Біріншісі – көпбалалылар бөлек санатқа шығарылып, оларға кепілдендіріген жәрдемақы беріледі. Екіншісі – аз қамтылғандарға қолдау көрсетіліп, жұмыс жасауға  ынталандырылады. Үшіншісі – АӘК алатындардың бәріне балаларына қолдау көрсету үшін кепілдендірілген пакет ұсынылады. Сондықтан көпбалалы отбасылар үшін республикалық бюджет есебінен мемлекеттік жәрдемақы енгізіледі. Бұл мемлекеттік жәрдемақы отбасының табысына қарамастан төленеді. Әрі төрт немесе одан көп кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларға да беріледі. Жәрдемақының көлемі отбасындағы бала санына байланысты сараланады. Әр балаға 10 625 теңгеден болады, – деді басқарма басшысы Алтай Құлқаев.

Екіншіден, АӘК аз қамтылған отбасыларға төленбек. Соның ішінде көпбалалы отбасыларға беріледі. Ол өңірдегі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызымен есептелмек. Басқарма мамандары атап өткендей, өңірде ең төменгі күн көріс деңгейі 28 418, мұқтаждық шегі 19 893 теңге.

АӘК тағайындаудың басты талаптарының бірі – отбасындағы еңбекке қабілеттілер жұмыс жасап, отбасы үшін жауапкершілікті атқаруы керек. АӘК келісімді түрде төленіп, «Еңбек» жұмыспен қамту бағдарламасының мүмкіндіктері қолданылатын болады. Егер еңбекке қабілетті отбасы мүшесі ұсынылған жұмыстан немесе жұмыспен қамту шарасынан бас тартса, отбасы үшін АӘК-ті төлеу тоқтатылады.

Үшіншіден, көпбалалы отбасылар үшін қосымша кепілдендірілген әлеуметтік пакет енгізіледі. Оның құрамында мектепке дейінгі жастағы балалар үшін – балалар тамағы мен гигиеналық құралдар, мектеп жасындағы балалар үшін – меткептерде ыстық тағам, мектеп формасы мен қажетті құралдарды алу және жолақы шығындарын өтеу қарастырылған.

Аз қамтылған отбасылардағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар үшін кепілдендірілген әлеуметтік пакет аясында әр тоқсанда бір рет гигиеналық заттар (балалар тіс пастасы мен щеткасы, крем, шампунь, кір сабын және кір жуатын ұнтақ), ай сайын балалардың тамақтану шамасына есептеліп азық-түлік (жеміс немесе көкөніс пюресі, шырын мен шәрбат, дәруменді диеталық, сүтті тағамдар немесе таңдау бойынша басқа да азық-түлік өнімдері) беріледі.

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
63 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
138 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
365 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
849 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1227 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1135 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1586 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2202 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2366 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2374 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2425 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2429 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2050 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2909 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2963 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2957 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3570 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3538 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3529 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3504 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3664 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»