8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
24 Желтоқсан 2019 1396 0
Без рубрики

ҮШ ЖЫЛДЫҚ БЮДЖЕТ ЖОСПАРЛАНДЫ

            Бүгін Орал қалалық мәслихатының 39-кезекті сессиясында алдағы үш жылға арналған бюджет бекітілді. Яғни,  қала бюджеті 2020 жылға – 63 388 148 мың теңгеге, 2021 жылға – 31 096 390 мың теңгеге, 2022 жылға – 32 113 951 мың теңгеге жоспарланып отыр. Сессия жұмысына қала әкімі Абат Шыныбеков, ардагерлер, құрылымдық бөлімше басшылары мен депутаттар қатысты.  

  

           Шаһардың 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті туралы қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Альмира Төлегенова мәлімдеді. Бөлім басшысының сөзіне сүйенсек, 2020 жылға қала бюджеті 63 388,2 млн.теңгеге жоспарланған. Республикалық бюджет трансферттері есебінен мектепке дейінгі және мемлекеттік орта білім беру ұйымдары педагогтерінің еңбегіне ақы төлеуді ұлғайтуға және біліктілік санаты үшін қосымша ақы төлеуге –   5 488,8 млн.теңге, ерекше еңбек жағдайлары үшін лауазымдык айлықақысына қосымша ақылар белгілеуге мәдениет ұйымдарының қызметкерлеріне – 127,9 млн.теңге және әлеуметтік қорғау органдарының қызметкерлеріне – 58,6 млн.теңге қаражат көзделген. Орта білім беру ұйымдарын жан басына шаққандағы қаржыландыруды сынақтан өткізуге 771,2 млн.теңге бөлінген. Әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласындағы түрлі іс-шараларға жалпы сомасы 1 177,9 млн.теңге бағытталған, халықты жұмыспен қамту бағдарламасын жүзеге асыруға – 168,9 млн.теңге, атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге – 592,2 млн. теңге және мүгедектерді қолдау бойынша іс-шараларға – 228,3 млн.теңге, сонымен қатар балаларға арналған кепілдендірілген әлеуметтік пакетке – 112,1 млн.теңге қарастырылған.

Бұдан басқа, Зачаганск кентінде және қаланың Солтүстік-шығыс бөлігінде тұрғын үйлердің құрылысына және инженерлік желілерді жүргізуге жалпы сомасы 4 334,9 млн.теңге қаражат бөлінді. Соның ішінде Круглоозерное кентінде сумен жабдықтау құрылысына 527,6 млн.теңге және солтүстік-шығыс бөлігінде инженерлік желілердің құрылысына 898,0 млн.теңге бағытталды. Зачаганск кентіндегі Көшім көшесін қайта құруға 248,5 млн.теңге қаражат қарастырылған.  Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында Зачаганск кентіндегі 616,4 млн.теңге сомасына қазандықты және 218,4 млн.теңге сомасына КСС-29-дан КТС-на дейінгі қысымды кәріз коллекторын қайта жаңарту жоспарлануда.

Облыстық бюджет қаражатының негізгі көлемі жаңа жобаларды іске асыруға және басталған жобаларды аяқтауға бағытталып отыр. Зачаганск кентіндегі тоғыз көшені қайта жаңарту және күрделі жөндеу (Балауса және Сарытау шағын аудандарындағы жолдарды, қаланың орталық бөлігіндегі бес көшені, Жамбыл көшесі мен қаланың солтүстік-шығыс бөлігіндегі Светлая көшесіндегі жұмыстарды аяқтау), 10 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарына (Зачаганск кентінде 5, қаланың солтүстік – шығыс бөлігінде 5 үй), Зачаганск кентіндегі №26 және 27 орындарға және Саратов трассасында орналасқан 9 тұрғын үйге инженерлік желілер салу, қаланың солтүстік-шығыс бөлігінде кварталішілік өтпе жолдарды салу, «Ақжайық» шағын ауданында электрмен жабдықтау және Ветелки кентін сумен жабдықтау алдағы жылдың еншісіндегі жұмыстар.   22 спорт алаңының құрылысы және Деповская көшесіндегі жаңадан салынған үйлердің аула аумақтарын абаттандыру көзделіп отыр. Сондай-ақ алдағы жылы Зачаганск кентіндегі тұрғын үй кешендерінің және «Ақжайық»  шағын ауданындағы екі квартал тұрғын үй құрылысына ЖСҚ әзірлеу жоспарда тұр.

Қалалық бюджет қаражаты есебінен 296 млн.теңге сомасына 10 аула аумағын абаттандыру жоспарлануда. Әбілхайыр хан даңғылы мен Датов көшесіндегі жасыл желекжолды абаттандыруды жүргізуге – 154 млн. теңге, сондай-ақ Жеңіс алаңы мен Абай алаңдарының ағымдағы жөндеу жұмыстарына – 93,1 млн.теңге сомасында қаражат қарастырылуда. Келесі жылдан бастап жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына – 140 млн.теңге қаражат бөлу жоспарлануда. Бұл жиектастарды, субұрқақтарды, сондай-ақ тұрғын үй аулаларын ағымдағы жөндеу жұмыстары. Қала көшелерін жарықтандыру аясында жалпы сомасы 300 млн.теңгеге төрт жобаны іске асыру қарастырылған, оның ішінде «Астана» және «Жаңа Орда» шағын аудандарындағы үш көшені жарықтандыру бар. Жалпы қала бюджеті әлеуметтік салаға бағытталған, 51 пайызы білім беру, әлеуметтік қорғау, спорт және мәдениет салаларына  (32 181,6 млн.теңге) жұмсалмақ.

Сол секілді сессия отырысында Зашаған, Крулоозерный кенттері мен Желаев селолық округінің  алдағы үш жылдық бюджеттері бекітілді. Айта кету керек, 2020-2022 жылдарға арналған кенттердің, селолық округтің бюджеттері сол деңгейдегі қоғамдық кеңестерде, қалалық қоғамдық кеңесімен мақұлданып, қалалық және мәслихаттың бюджеттік комиссия  отырыстарында қаралған.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Елді мекен тұрғындары баспанамен қамтылуда
17 Мамыр 2024
125 0
Қалалықтар қаперіне
Жедел-профилактикалық іс-шара өтуде
15 Мамыр 2024
319 0
Мәдениет
БҚАТУ-дың студенттік театры бар
15 Мамыр 2024
320 0
Мәдениет
Сабаздың рухын жаңғыртты!
11 Мамыр 2024
777 0
Қалалықтар қаперіне
Үйлердің құрылысын жеделдетуді тапсырды
09 Мамыр 2024
845 0
Құттықтаймыз!
Жеңіс күнімен құттықтады
09 Мамыр 2024
863 0
Қалалықтар қаперіне
Саяжай тұрғындары үйлеріне орала бастады
09 Мамыр 2024
885 0
Бәрекелді!
Жоғары әскери шен берілді
09 Мамыр 2024
905 0
Еске алу
Батырлар рухына тағзым етті
05 Мамыр 2024
1273 0
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
1400 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
1431 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
1706 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
1718 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
1846 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
2138 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
2237 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»