БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАҢАЖЫЛДЫҚ ДУМАН
Бүгін Салтанат сарайында мүмкіндігі шектеулі балалар үшін қала әкімінің шыршасы ұйымдастырылды. Мерекеге шаһар басшысы Абат Шыныбеков қатысып, балғындарға ақ тілегін арнады.

Думанды шараға келген бүлдіршіндерді ертегі кейіпкерлері қарсы алды. Оларға тәттілер дастарханы жайылды. «Балапан» телеарнасындағы мультфильм кейіпкерлері – Әли мен Айя, Диснейленд әлемінен келген Аврора ханшайым, Симба, Пумба мен Тимон шырша тойына ортақтасып, балаларды ертегі әлеміне саяхат жасатты. Түрлі мерекелік костюммен шырша жанынан табылған өрендер өнер көрсетіп, Аяз ата мен Ақшақардан сыйлық алды. Қаламыздағы жас өнерпаздар достарына арнап, ән шырқап, би де биледі. Қала басшысы балалармен бірге шырша шамын жағып, жаңажылдық құттықтау лебізін жеткізді.
– Санаулы күндерден соң, есігімізден жаңа 2020 жыл енбек. Жаңа жыл –баршамыздың, әсіресе бүлдіршіндердің асыға күтетін мейрамы. Дәстүрлі түрде ұйымдастырылып жүрген шырша мерекесін биыл ерекше күтімдегі балғындардан бастауды жөн көрдік. Мерекелік бағдарлама, балаларға арналған сыйлықтар көңілдерінен шығады деген үміттеміз. Өткен жыл еліміз, өңіріміз үшін жағымды жаңалықтарға толы болды. Келер жылдан да баршамыздың үмітіміз мол. 2020 жылы ойға алған арман-мақсаттарыңыз орындалар жыл болсын. Балғындарымыз қиындықтарға мойымай, болашақта өмірден өз орындарын табуын тілеймін, – деді Абат Абайұлы.
Мерекелік шыршаға қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қамқорлығындағы 120 бала қатысты. Солардың бірі – 12 жасар Арсен. Анасының айтуынша, Арсенге қойылған диагноз – церебральды сал ауруының гиперкинетикалық формасы. Үш жасынан бастап күндізгі жартылай стационарда ем алады.
– Ұл-қыздарымыз әрдайым назарда. Стационар жаттығу жабдықтарымен қамтылған. Мамандар да балаларымыздың жағдайын жасауға атсалысып жүреді. Сол жерден балам өздеріне достар тапты. Қазір тоғызқұмалақ ойнап жүр, – деген анасы Аэлита Жумиева балаларға арнайы мереке ұйымдастырған қала әкімдігіне алғысын білдірді.
Қалалық жұмыспен қамту және әлдеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі Айгүл Негимованың мәліметінше, шаһарымызда мүмкіндігі шектеулі 1269 бала бар. Олардың 112-сі 16-18 жас аралығындағы жасөспірімдер.
– Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін бюджеттен 1 млрд. теңге шамасында қаржы қаралған. Балалардың дамуы үшін бөлім тарапынан арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі. Психоневрологиялық, хромосомалық ауытқуы бар және арбада отыратын, көз жанарынан мүгедектігі бар балаларды қала ішінде инватакси тасымалдайды. Бөлім тарапынан компенсаторлық заттар беріліп орды ортаға бейімдеу мақсатында жыл бойы түрлі шаралар өтікізіледі. Оған бүлдіршіндеріміз де ата-аналар да белсенді қатысып келеді, – дейді Айгүл Негимова.
Түрлі мерекелік костюммен шырша жанынан табылған өрендер өнер көрсетіп, Аяз ата мен Ақшақардан сыйлық алды. Қаламыздағы жас өнерпаздар достарына арнап, ән шырқап, би де биледі. Шара соңында балаларға сыйлықтар таратылды.
Эльмира НҰҒМАНОВА






Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қоғамдық қауіпсіздік жастар көзімен: полиция бастамасындағы пікірсайыс
Оралда өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылған тұрғын қайта көлік басқарған
Әлия ҚАЙЫРЖАНОВА: «БАСТЫ МАҚСАТЫМЫЗ – ОЙЫ ОЗЫҚ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУ…»
Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасын қабылдады
Қазақстанда балаларды шетелде емдеу қажеттілігін 50%-ға төмендету жоспарлануда
Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғау саласындағы реформалар жүзеге асырылуда
📢 Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) кезекті отырысы өтеді
Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) алғашқы отырысы өтеді
Президент Қысқы Олимпиада ойындары мен Паралимпиадаға қатысатын ұлттық құрама мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырды
Қорғаныс министрлігінде Ұлттық құрылтай идеялары аясындағы міндеттер айқындалды
Голан биіктіктеріндегі миссия: қазақстандық саперлар 1200-ден астам жарылғыш затты жойды
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Елімізде жаңа төрт фармацевтикалық зауыт салынады
Президент тапсырмалары бұған дейін жарияланған ауқымды саяси реформаның жалғасы болды — Олжас Бектенов
Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы басталды
61-ші Венеция биенналесінде Қазақстанды «ҚОҢЫР: архив үні» жобасы таныстырады
Әлеуметтік желілерде таралып жатқан екінші деңгейдегі банктердегі кредиттердің есептен шығарылатыны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
Орал қаласында жұмысқа орналастыру сылтауымен алаяқтық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды

Кіру
Пікір үстеу