8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Желтоқсан 2019 2297 0
Жалын

ОРАЛДА ЕРІКТІЛЕР ФОРУМЫ ӨТТІ

Бүгін Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрында ҚР Тәуелсіздік күніне орай еркін пікір форматында «Еріктілер форумы – 2019» шарасы өтті.

Оған қала әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов және қалалық ішкі саясат бөлімінің мамандарымен облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының өкілдері қатысты. Еркін форматта өткен форумнан 100-ге жуық белсендіні кездестірдік.

«Жастар» жылын қорытындылап, «Еріктілер» жылына бастама болған басқосуда үстіміздегі жылы жастардың ұйымшылдығымен атқарылған оңды істер баяндалады.Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрхат Ораштың мәлімдеуінше Қаратөбелік ерікті өрендер жалғыз басты қарияларға қаражат жинап баспана тұрғызып беріпті.

Сондай-ақ, волонтерлардың ұйымдастыруымен өзге аудандарда ауқымды қайырымдылық акциялары қолға алыныпты. Белсенді, рухты, күшті және білімділер бас қосқан форумда Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары болашақта жемісін беретін тың жобаларын ұсынды. Шаһар басшысының орынбасары Бақытжан Нарымбетовтың айтуынша кез-келген жастағы азаматтар хал қадірінше мұқтаж жандарға көмек қолын созып белсенділер қатарын толтыра алады.Яғни жақсылық жасау арқылы болашақ ұрпаққа үлгі болу әркімнің қолынан келер іс.

– Облыста 16 мыңнан аса волонтер бар. Жастар жылынан соң еріктілерге енші тиуі бекер емес. Сондықтан еліміздің өсіп өркендеуіне жастар бастамасымен қолға алынған жұмыстар үлес қосары сөзсіз,- деді Бақытжан Хаберұлы.

Мерекелік көңіл күй сыйлаған жастар форумы сазды бағдарламаға ұласты.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
60 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
111 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
150 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
410 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
430 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»