ТӘРТІПТІК КЕҢЕСТЕН ҚАМАУҒА ӘКЕТТІ
Полицияның мойнында көшелерде, қоғамдық орындарда құқықтық тәртіпті сақтау мен қоғамдық тәртіпті нығайту, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың алдын алу, қылмысты ашу, қауіпсіздікті сақтау деген қара нардың жүгіндей міндеттері бар. Десе де, кейінгі уақытта өңірде полиция қызметкерлерінің тәртіп бұзуы жиі тіркелуде. Осыған орай БҚО Полиция департаментінде департаменттің бөлініс басшылары мен қызметкерлері, Орал қаласы полиция басқармасы басшылары мен қызметкерлері, саптық бөлініс қызметкерлерінің қатысуымен тәртіптік кеңес отырысы өтті.

7 желтоқсан күні сағат шамамен 03.00 кезінде 1985 жылғы жүргізуші, Орал қаласы Полиция басқармасының Жергілікті Полиция қызметі басқармасының учаскелік полиция инспекторының көмекшісі «Audi B4» маркілі автокөлігін басқара отырып, жол қауіпсіздігін сақтамай «Chevrolet Lacetti» маркілі автокөлігіне келіп соқтығысады. Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде 1990 жылғы әйел алған түрлі жарақаттарынан ауруханада көз жұмды.
БҚО Полиция депратментінің баспасөз қызметі БҚО ПД Тәртіптік кеңес шешімімен Орал қ. ПБ ЖПҚб УПИ көмекшісі ішкі істер органдарынан шығарылғанын хабарлады. Сондай-ақ, оған қатысты ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлімі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бірқатар БҚО ПД және Орал қ. ПБ басшылары тәртіптік жауапкершілікке тартылған.
Осы жағдайға байланысты БҚО ПД бастығының міндетін атқарушы, полиция полковнигі Серік Қойсарыұлы Сүйінбаев қызметкерлер арасында мұндай фактілерге жол берілмеу қажеттігін, әр қызметкер жасаған құқық бұзушылығы үшін заң алдында жауапқа тартылатын атады. Сонымен қатар БҚО Өзіндік қауіпсіздік басқармасына жеке құрамға бақылау жүргізуді күшейтуді тапсырды.
Кеңес барысында басшылық «Әр қызметкер – ішкі істер саласының айнасы» деген қағиданы басшылыққа ала отырып, жеке құрам арасындағы заңдылық пен тәртіпті сақтау, қоғамға жат құбылыстармен күресуді сөз арасында түсіндіріп өтті. «Біреудің қателігі – біреуге сабақ болсын» деген оймен қылмыс жасап айыпталған полиция қызметкерінің бұрынғы қызмет атқарған бөлінісінің жеке құрамын қатыстыра отырып ашық тәртіптік кеңес отырысын өткізудің мақсатын да тілге тиек етті.
БҚО ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасының жүргізген қызметтік тексеру нәтижесі бойынша айыпталушы полиция қызметкері залдан уақытша ұстау изоляторына қолына кісен салынған күйінде қамауға әкетілген.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу