Бензиннің қымбаттауы басқа қызметтердің бағасына әсер ете ме?

Қазақстанда бензиннің қымбаттауы басқа қызметтердің бағасына қалай әсер етеді? Тілшілердің бұл сұрағына Үкіметтің баспасөз орталығында Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов жауап берді.
«Акцизді көтеру жөніндегі бұйрық әлі күшіне енген жоқ. Қазір Экономика министрлігі бұйрықтың жобасын дайындап, мақұлдау үшін барлық министрлікке жіберді. Мақұлданса, бұйрық 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Ұлттық экономика министрлігінің болжамы бойынша, бұл өзгеріс бензин бағасының өсуіне аса қатты әсер етпеуі керек. Бағаның мультипликативтік әсері қалай болатынын сұрап жатырсыздар. Бензин коммуналдық төлем немесе электр жарығы үшін пайдаланылмайды. Сұраныс көбінесе дизель отынына артады. Сондықтан, электр қуаты мен коммуналдық төлемдердің өсуіне көп әсер етпейтін шығар деп болжаймыз. Нақты жауапты Ұлттық экономика министрлігінен алған дұрыс деп ойлаймын», – деді вице-министр. Әсет Мағауовқа «Бензин бағасын Энергетика министрлігі реттей ме, әлде Ұлттық экономика министрлігі ме?» деген сұрақ қойылды. Оның жауабына сәйкес, бензин бағасы кейінгі үш жылда реттелмейді. «Яғни, бұрын мұнай өнімдерінің шекті бағасы реттеліп отыратын. Бензин бағасы Үкіметтің тиісті қаулысымен бекітілетін. Бірақ, бұл жүйеден кетіп, ЕАЭО немесе басқа кеңістікте нарықтық қарым-қатынасқа көшуді көздедік. Кейінгі екі-үш жылда бензин және дизель отынының бағасы реттелмейді. Осыдан 2-3 жыл бұрын тапшылық болған кезде бензин бағасы көтеріліп кеткен болатын. Өткен жылы, осы жылдың басында бензин артылып, баға төмендеді. Демек, жалпы Қазақстан нарықтық қарым-қатынасты ұстануы тиіс деп ойлаймыз. Сол себепті, қай министрлік бензин бағасын реттеуге міндетті деп сұрау салудың өзі дұрыс емес. Бастысы, нарықта өндірушіден бастап, соңғы сатушыға дейінгі қарым-қатынас, өзара жұмыс ашық болуы керек», – деді ол.
https://www.inform.kz/kz/benzinnin-kymbattauy-baska-kyzmetterdin-bagasyna-aser-ete-me_a3592201
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу