АЛҒАШҚЫ МҰЗ ҚАУІПТІ!
«БҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ жедел құтқару жасағының сүңгуір-құтқарушысы Алексей Еремеев өзендер мен көлдердегі жұқа мұз өте қауіпті екенін ескертеді. Өйткені әр түрлі су айдындарында мұздың қатуы бірдей емес.

Мұздың беріктігі әр түрлі су айдындарында ғана емес, сонымен бірге бір су айдынының өзінде әр түрлі болады. Бұл көптеген себептерге байланысты. Тоғандардың тереңдігіне, ағыстың жылдамдығы, жер асты суларының болуына және тағы басқа. Арналар, көлдер мен бұлақтардың тайыз және ағысы жоқ жерлерін мұз бірінші басады. Мұз жағадан бастап су тоғанының ортасына қарай қатады. Егер ересек адам мұз үстінде тәуекелге баратын болса, бұл жағдайда балалар құрбанға айналуы мүмкін. Жаңадан пайда болған мұз үстінде жүргенде қауіптенуден гөрі коньки теуіп, хоккей ойнауға деген құштарлық басым болады да, бұл күтпеген жағдайларға алып келеді. Ата-аналар баланың денсаулығы мен өмірін сақтау үшін үлкен жауапкершілік алады, сондықтан олар балаларға қыста мұз үстіндегі қауіпсіздік ережелері туралы айтуға міндетті. Мұз басқан тоғандарға балаларды ересектерсіз жалғыз қалдыруға болмайды. Алдымен бір адамның мұздан қауіпсіз өткеніне көз жеткізіп, оның бағыты бойынша кристалды мұздың қалыңдығы кемінде 7 сантиметрден жоғары болуы керек. Мұз қабатының қалыңдығы 15 сантиметрден асқан жағдайда, бірнеше адам болып кесіп өтуге немесе мұз айдынын ұйымдастыруға болады. Ал автомобильдердің қозғалысы мұздың қалыңдығы кем дегенде 30 сантиметр болған жағдайда қауіпсіз болады. Көлікпен мұз үстінде жүрудің қауіпті екені бәрімізге белгілі. Көлік жолынан тыс өткелдер жоқ жерден көліктерге мұз үстінен өтуге қатаң тыйым салынады – бұл қайғылы жағдайға алып келеді.
Естеріңізге сала кетейік, барлық төтенше жағдайлар, оның ішінде судағы жағдайлар туралы «112» телефонына хабарлау керек
.
Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің
Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің мемлекеттік мекемесі
Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу